Алғашқы нотасынан-ақ баурап алатын, көпшілік ұйып тыңдайтын ескірмейтін әндер. Опера әншілері әлі де көгілдір экраннан түспей жүрген ескі филімдердің әуендерін орындады. Елордада «Экран әуендері: қайта жүктеу» жобасы жалғасын тапты.

Барлық музыканы сахна тіліне өңдеп, әрлеу жұмыстары – қазақстандық дирижер Әлихан Ыдырысовтың жарты жылдық еңбегінің жемісі.   

ӘЛИХАН ЫДЫРЫСОВ, ЖОБА АВТОРЫ:

Бағдарламаға енген барлық шығарма классикалық нұсқада орындалады. Домбыра, қобыз, сыбызғы сияқты ұлттық аспаптарды пайдаланамыз. Сондай-ақ кейбір заманауи композицияларды орындау үшін электрлік гитараны қолдандық. Нәтижесінде жұмысыма көңілім толды.  

Көптің жүрегін жаулаған танымал әндер Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Сүндет Байғожин, Жан Тәпин, Татьяна Вицинская, Рамзат Балакишиев, Салтанат Бекмағанбетова сынды опера солисттерінің орындауында шырқалды.

СҮНДЕТ БАЙҒОЖИН, ОПЕРА ӘНШІСІ:

Ол кездегі заман, уақыт өзгеше. Адамдардың бір-біріне деген көзқарасы және музыкаға деген талғамы, әндеріндегі сөздердің мағынасы ерекше. Сол себептен классика болып қала береді.

Концертке сондай-ақ, «Астана Опера» театрының Камералық оркестрі,  ерлер мен балалар хоры атсалысты.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер