Қазақстанның көліктік-транзиттік әлеуеті Азия мен Еуропаның арасын қосқан транзиттік хаб атануға толықтай мүмкіндік береді. Еліміздің тиімді географиялық орналасуы елдер арасында экономикалық дәліздер құруға жол ашып отыр. Қазіргі уақытта Қазақстанда бірнеше халықаралық көлік дәлізі қалыптасып, жұмыс жасауда. Еліміз көлік инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы іс-қимылын жалғастыра бермек. Елбасы жолдауына сәйкес, алдағы уақытта Қазақстанда әуе тасымалы көлемін 4 есеге, транзиттік жүк тасымалынан түсетін кірісті 5 есеге арттыру көзделген. Сарапшылар есебінше, транзиттік жүк тасымалынан түсетін табыс жылына 4 миллиард АҚШ долларына жетуі тиіс.

 

МҰРАТ БЕКМАҒАМБЕТОВ, КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Жеріміз кең болғандықтан, көп өңделмеген жүкті тасымалдауға тура келеді. Мәселен астық, кен, көмір, тағы да басқа. Сондықтан өнеркәсіп ісін қайта құру керек. Импорт, экспорт және транзит үшін тасымал құнын арзандатуға мүмкіндік беретін жолдарын іздеуіміз қажет.

 

Қазақстанның транзиттік мүмкіндіктеріне Ауғанстан қызығушылық танытуда. Бұл туралы аталған елдің Сыртқы істер министрінің орынбасары Хекмат Карзай айтып берді. Ол Астанаға осымен үшінші рет өтіп отырған саяси ведомство-аралық кеңеске қатысуға келіпті. Айтуынша, Қазақстанның транзиттік хаб ретінде өңірдегі алар орны айрықша.

 

ХЕКМАТ ХАЛИЛ КАРЗАЙ, АУҒАНСТАН ИСЛАМ РЕСПУБЛИКАСЫ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Біз Қазақстанды аймақтағы басқа елдерге шығаратын көпір ретінде қарастырамыз. Ауғанстан тауарлар транзитіне жұмылдырылса, ел экономикасы үшін жақсы негіз болар еді. Осы бағытта келісімге қол қойсақ дейміз. Қазақстан біздің тауарларға транзиттік алаң ұсынады деген ниеттеміз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер