Франция Қазақстанмен сондай-ақ, Орта Азиядағы өзге де мемлекеттермен арадағы дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығын атап өтті. Қазақстандық делегацияны бастап барған Қайрат Әбдірахманов Париждегі шараға қатысып, ЮНЕСКО Экономикалық даму және ынтымақтастық ұйымы басшыларымен кездесті. Өткен жолдар сарапталып, келесі белестер межеленді.

 

ҚАЙРАТ ӘБДІРАХМАНОВ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ:

 - Біз Франция мемлекетіміздің тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мемлекеттердің қатарындағы ел ретінде және оның құрылу жолында елеулі қолдау көрсеткендігін жоғары бағалаймыз. Екі жақты сауда-инвестициялар, атом энергиясы, мәдениет және білім салаларындағы ынтымақтастығымыз жоғары деңгейде дамып келе жатыр. Біз осы мәселелерді бүгін  әріптестерімізбен қарастырдық.

 

Ресми Париж Қазақстанның сыртқы саясаттағы және экономикалық бағыттағы ұсыныстарына үнемі қолдау көрсетіп келеді. Мысалы, Еуропадағы ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымының 2010 жылғы Астана Саммитін өткізу туралы бастамасын бірінші болып қолдаған. EXPO-2017 халықаралық көрмесін өткізу туралы шешімімізге де сенім білдірді. Биылдан бастап екі ел біріккен ұлттар ұйымының қауіпсіздік кеңесінде бірлесе жұмыс істеп жатыр. Дипломатиялық қарым қатынас орнаған ширек ғасырда Францияның 130 компаниясы біздің елде табысты еңбек етті. 2005 жылдан бері Қазақстан экономикасына салған қаржысы 13 миллиард АҚШ доллары шамасында.

 

ҚАЙРАТ ӘБДІРАХМАНОВ ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ:

 - Біз бүгін мұнай химиясы, ауыл шаруашылығы өнімін қайтай өңдеу, туризм және мемлекеттік және кіші бизнес салаларындағы француз инвесторларымен әріптестігімізді нығайтып келе жатырмыз. 

 

БЕРНАРД КЛЕМАН, TOTAL КОМПАНИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Қазақстанда жұмыс істегенімізге бірнеше жыл болды. Қашаған жобасында әріптеспіз. Сіздердегі инвестициялық ахуалды жоғары бағалаймыз. Және одан әрі де байланысты арттыра береміз деген ойдамыз.

 

Екі елдің сыртқы істер министрлері әлемдегі өзекті мәселелер жөнінде өз пікірлерін білдірді. Жан-Марк Эйро Астанада өтетін ЕХРО-2017 көрмесінде Франция «жасыл» экономикаға қатысты жаңа технологияны таныстырып қоймай, бірнеше мәдени шараларға қатысуды көздеп отырғанын айтты. Одан бөлек, Әбірахманов ЮНЕСКО басшысы Ирина Боковамен, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бас хатшысы Анхель Гурриамен де кездесті. Тараптар байланысты одан әрі нығайта беруге мүдделілік танытты. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер