Алтын орда, Ноғайлы, Қазақ хандығы дәуіріндегі жеті ханның сүйегі жатқан Сарайшық қаласы ашық аспан астындағы мұражайға айналады. Өз заманында батыс пен шығысты байланыстырған Жібек жолы бойындағы сауда орталығының күллі түркі әлемі үшін маңызы зор. Бұған археологиялық қазба жұмыстары  кезінде табылған 3,5 мыңнан астам жәдігер куә. Көне шаһар орналасқан 100 Га аумақ қойнауында шежірелі төл тарихтан сыр шерттер әлі талай ақтаңдақ бетер жатыр.  

 

ЗЕЙНОЛЛА САМАШЕВ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:

- 30-шы жылдардан бастап өткен ғасырдың көптеген мәдени қабаттарын су шайып кетті. Қалған дүниені сақтап қалсақ, өзіміздің таримыздың ашылмаған беттерін ашамыз деген ойымыз бар.  Сарайшықта тиын соғатын сарай болған, соның орны бар сияқты. Содан кейін Қасым ханның жерленген орны деген сияқты, сол кетіп қалды ма, жоқ сақталды ма, соны шешуіміз керек.

 

Көне қала Атыраудан небәрі елу шақырым жердегі Жайық өзенінің бойында орналасқан. Жыл сайынғы тасқынның салдарынан тарихи мекеннің аумағы 5-7 метірге тарылып, тозып барады. Ескерткішті су шаймас үшін биыл өзен жағасын  бекіту жұмыстары басталды. Кейін құнды мұраны сақтау қамында толықтай зерттеліп, қалпына келтіру ісі қолға алынбақ.  Елордада өткен ғылыми-тәжірибелік конференцияда мәдениет және спорт министрлігі мен Атырау облысының әкімшілігі бірлескен кешенді шаралардың жоспары бекітілген құжатқа қол қойды.

 

АРЫСТАНБЕК МҰХАМЕДИҰЛЫ ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ

 - Атырау қаласының әкімдігіне мыңда бір рахмет. 1,5 млрд теңге бөлініп, Жайықтың су ағып жатқан жеріне үлкен қалашықты сақтау үшін тосқауыл қойып жатыр. Біз мәдениет және спорт министрлігі біздің келешектегі міндетіміз реставрация, археология жұмыстарын өткізу. 

 

Дереккөздеріне сүйенсек, Орта ғасырдағы аса ірі шаһарда  жүзден аса хан билік  құрған. Қасым ханның тұсында Сарайшықтың ұзындығы - 10, ені - 8 шақырымды құрапты. Шығыс өркениетінің сәулетті де дәулетті мекеннің  халық саны бір миллионға жетіп, жүз мың әскері болған. Қазақ даласындағы ең көне әрі аса құнды мұраның жаңғыртылуы алдымен ұлттық тарихқа деген құрмет және еліміздің туристтік әлеуеттін арттырудың бірден-бір жолы дейді, жиынға қатысушылар. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер