Жаңғырту Қазақстанның сыртқы саясатта беделін асырады және жергілікті тұрғындардың болашаққа деген сенімін ұштай түседі. Бұл – Украина мемлекеттік басқару ғылымының докторы Николай Корецкийдің пікірі. Ол Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауымен егжей-тегжей танысыпты.

 

НИКОЛАЙ КОРЕЦКИЙ, МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:

- Барлық саланы жаңғырту қарастырылған. Ол - қаржы саясаты, ол - Ұлттық банктің ұлттық валютаны күшейтуге арналған саясаты. Және даму бағдарламасы бүгінгі жағдайларға бейімделіп жасалған, әлемдегі бүгінгі көзқарас пен талапқа сай дер едім. IT-технологияны өркендетуге арналған жоспарлары көңілден шықты. Үнемі ізденіс үстіндегі ел ғой. Экономикадағы техникалық жаңғыртудың маңызы ерекше екенін де атап өткім келеді. Халық ертеңгі күніне сенімді. Тұрақты жұмыс және жалақы болатынына сенімді. Баспана алу мүмкіндігі туатынына сенімді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер