ЕХРО халықаралық мамандандырылған көрмесі шеңберінде Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтпек. Ауқымды жиын - тарихи сәт болмақ. Бұл туралы аталмыш ұйымның бас хатшысы Рашид Әлімов «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының басшысы Ахметжан Есімовпен кездесуінде айтты. Тараптар маусым айында елордада ашылатын халықаралық көрменің дайындығын талқылады. Шарада Шанхай ынтымақтастық ұйымына арнайы павильон ұсынылып, онда экологиялық бағдарламаны таныстыруға мүмкіндік жасалады. Және ЕХРО көрмесі аясында 27 тамызда Шанхай ынтымақтастық ұйымының күні өтеді.

РАШИД АЛИМОВ, ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ БАС ХАТШЫСЫ:

- ЕХРО көрмесі тек ғылым мен техника жетістіктерімен шектелмейді. Көрменің көздегені – адамзаттың болашақта қандай экологиялық ортада өмір сүретіндігін көрсету. Сондықтан Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер үшін ЕХРО көрмесінде өз павильоны болғаны аса маңызды. Әлбетте осы мақсатта ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атқарып жатқан еңбегі ерен.  Әсіресе Астанада өтетін ЕХРО-2017 көрмесі арқылы Шанхай ынтымақтастық ұйымының беделі асқақтай түсетіні сөзсіз.

 

ЕХРО көрмесіне жалпы саны 20 халықаралық ұйым қатысуға ниет білдірген. Сондай-ақ, 115 мемлекет өз павильондарын ұйымдастырып, баламалы қуат көздерін дамытудағы жетістіктерін таныстырады. Халықаралық мамандандырылған көрме «Болашақ энергиясы» деген тақырыппен Астанада маусымның 10-ынан қыркүйектің 10-ына дейінгі аралықта өтеді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер