Астанада ғылым фестивалі өтті. Мақсат – ғылымға бет бұрған жас ғалымдарды қолдау. Фестиваль аясында IT-технологиясына зерттемелерді енгізу бойынша «Индустрия 4.0» дәрісі ұйымдастырылды. Студенттерге нақты кәсіпорынның ғана емес, жалпы экономика салаларындағы тиімділікті арттыру жөніндегі идеялар ұсынылды. Айту керек, Тұңғыш Президент қоры ғылым саласын дамытуға аса көңіл бөліп келеді. 2008 жылдан бері 48 жас ғалым арнайы грант иеленді. Үздік ғылыми зерттеулер жасаған тағы 68-і сыйақы алды.

 

МАҚПАЛ ӘСЕМБАЕВА, ҒАЛЫМ, ГРАНТ ИЕГЕРІ:

- Мен еліміздің энергия жүйесін жоспарлау жобасын ұсынып отырмын. Жобамыздың басты мақсаты – ЭКСПО келушілерінің Қазақстанның энергетика саласындағы ахуалынан хабардар ету. Сондай-ақ «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасын жүзеге асырудың мүмкіндіктерін қарастыру.   

 

СҰЛТАН АЙТЖАНОВ, ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ ҚОРЫ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Цифрлық жүйеге мән беріп, соған бет бұрып, жастарды баулып, жетістіктерін не болмаса әр саладағы бастамаларын қолдап, әлемдегі цифрлық өзгерістерді қолдау.

 

Жоба қазақстандық ғылымның нақты жетістіктерін паш етіп, индустрия мен жас ғалымдар арасындағы байланысты нығайтпақ,-дейді ұйымдастырушылар. Бастаманың қорытындысы жыл соңында белгілі болмақ.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер