Қазақстан өнім экспортын ұлғайтты. Қаңтар айында республиканың Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен арадағы сауда көлемі өткен жылдың қаңтарымен салыстырғанда 60 пайызға артқан. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Татьяна Валовая мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл салада Одақ бойынша да өсім байқалып отыр.

 

ТАТЬЯНА ВАЛОВАЯ, ЕЭК ИНТЕГРАЦИЯ ЖӘНЕ МАКРОЭКОНОМИКА ЖӨНІНДЕГІ  МИНИСТРІ:

- Қаңтар айында Қазақстанның еуразиялық экономикалық одақ аумағына экспорттау көлемі өткен жылмен салыстырғанда  59,2%-ға артты.  60 пайызға дейін өсті деуге  болады.  Ал  жалпы одақ  бойынша бұл көрсеткіштің өсімі  38,1% құрады. Экспорт көлемі ұлғайса, бір жағынан, Қазақстанға тиімді,  екінші жағынан   Одақ елдерінің  экономикасы жақсара бастағанын көрсетеді.

 

Қазақстан өнімдерін тұтынушы тағы бір ірі нарық – Қытай. Аспан асты елі тарапынан біздің азық-түлік өнімдеріне сұраныс жоғары, дейді «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев. Оның айтуынша, қазір Қытайға 160 мың тонна қой етін экспорттау туралы келісімдерге қол қоюға дайындық жүргізілуде. Бұл – отандық ет өндірушілер үшін үлкен мүмкіндік.

 

ГҮЛМИРА ИСАЕВА, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Біздің өнімдеріміз органикалық таза болғандықтан, оған сұраныс артып келеді. Болашақта сиыр етінің экспортын 70 мың тоннаға ұлғайту жоспарда бар. 

 

Оңтүстік өңірдің балығы да шетелде жоғары сұранысқа ие. Шардара ауданындағы 3 ірі шаруашылық өнімнің 70 пайызын Ресей, Германия, Израильге экспорттап жатыр. Ондағы бір кәсіпорынның өзі жылына 3 мың тонна балық өңдейді. Жалпы өңірде бұдан өзге отызға жуық балық шаруа қожалығы бар.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер