Биыл Қазақстан мен Әзірбайжанның дипломатиялық қарым-қатынасына – 25 жыл. Ширек ғасыр ішінде қос ел арасындағы экономика, инвестиция, ауыл шаруашылығы, мәдени-гуманитарлық байланыс бекемдеді. Әсіресе, аталған мемлекеттер арасындағы сауда-саттық байланыс соңғы екі жылда қарқынды дамып келеді. Осы үрдісті ары қарай да тиімді жалғастыру үшін тараптар бірнеше бағытты дамытуға ерекше назар аудармақ.

 

ИЛЬХАМ ШАБАН, ЭКОНОМИСТ:

- Алымен, көлік саласын дамыту қарастырылады. Сондай-ақ мұнай тасымалдау мәселесі бар. Қос мемлекет кемежайларын кеңейтіп, жетілдіріп жатыр. Су көліктерінің жаңартылып жатқанын да айта кету керек. Мұның бәрі көлік саласындағы қажеттіліктерді қамтамасыз етеді. Алдағы 5 жылда бұл сектордың даму мүмкіндігі мол.

 

Өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналым 125 миллион АҚШ долларына жеткен. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда, шамамен 8 пайызға көп. Қазақстан мен Әзербайжан арқылы транзит 8 есе өскен. Каспийдегі порттардың да мүмкіндігін атап өту керек. Бакуде бірлескен астық терминалы жұмыс істейді. Сол арқылы Қазақстан астығы батысқа жол тартуда. Ал Транскаспий бағыты бойынша қазақтың қара алтыны әлемдік нарықтарда сатылып жатыр.

 

САМЕД СЕИДОВ, МИЛЛИ МЕДЖЛИС ДЕПУТАТЫ:

- Қазақстан мен Әзірбайжан қарым-қатынасы көмірсутегімен ғана шектеліп қоймайды. Сондай-ақ, инновациялық технологиялар саласында да ынтымақтастығымызды дамытуға көп мүмкіндік бар. Әзірбайжан Қазақстанның халықаралық бастамаларын қолдайды. Біздің елдеріміз жаңа әрі болашағы зор қарым-қатынас орнататынына кәміл сенемін.

 

Биыл екі-ел қарым-қатынасы тағы бірнеше сатыны еңсерді. Қос тарап халықаралық көлік қатынасы мен мен сыртқы істер ведомстволарының ықпалдастығын арттыруды, темір жол байланысын дамытуды көздеп отыр. Ал екіжақты тауар айналымының көлемін алдағы үш жылда 500 млн долларға жеткізу жоспарланған. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер