Қазақстан елордасында өтетін ЕХРО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне Грузияның туристік компаниялардың қызығушылығы жоғары. Тбилисиде аталған ауқымды шараның таныстырылымы болды.

 

ЕРНҰР КЕНЖЕБЕКОВ, «АСТАНА ЭКСПО-2017» ҰК ДЕПАРТАМЕНТ МЕНЕДЖЕРІ

- Қателеспесем, 60-қа жуық компания өкілі қатысты. Әсіресе, туристик сала мамандары ЭКСПО-ға мән беріп отыр. Қазір саяхатшылардың Грузияға ағылып жатқаны белгілі. Осы жағдай біздің елімізге жағымды әсер етуі тиіс. Біз олармен тәжірибе алмасуға мүдделіміз.

 

EXPO көрмесінің бас серіктестері Астанада өтетін шараның маңызды тұстарын тілге тиек етті. Ал туристік компания өкілдері ауқымды экскурсиялық бағдарлама ұсынды. Өз кезегінде қазақстандық әуе компаниялар да көрмеге келетін қонақтарға қандай жеңілдіктер жасайтынын айтып өтті. Қатысушылар арасында көрмеге билет ұтысы да өткізілді.

 

ЕХРО таныстырылымына Грузия павильонын бастап баратын мамандар да қатысты. Тамар Джанашия қонақтарды несімен таң қалдыратынын былай жеткізді.

 

ТАМАР ДЖАНАШИЯ, EXPO-2017 КӨРМЕСІНДЕГІ ГРУЗИЯ ПАВИЛЬОНЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ

- Эстониялық компаниямен әріптестік орнаттық. Жоба Қазақстан тарабымен келісілді. Біздің павильонның негізгі концепциясы энергетикалық турбина болмақ. Осы арқылы Грузияның халықаралық энергетика нарығында сегізінші орында тұрғанын көрсеткіміз келеді. Сондықатан біздің алаң көз тартарлық қызықты әрі интерактивті болатынына сенімдімін.

 

Айта кетейік, соңғы жылдары Грузия баламалы энергетика саласын қарқынды дамытып жатыр. Сарапшылардың айтуынша, EXPO көрмесі шетелдік инвесторларды тартуға үлкен мүмкіндік береді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер