Президент жолдауы шеңберінде кәсіпорындарды технологиялық жаңғырту – маңызды міндет. Өндіріске озық жетістіктерді енгізуді Атыраудағы ірі өндіріс орындары алғашқылардың бірі болып қолға алған. Индустриалды карта аясында жаңадан ашылған мына зауытта жұмысты роботтар атқарады. Ал мамандар өнім сапасы мен жалпы жұмыс барысын ғана қадағалап отырады.

 

РАФИК МҰХАТОВ, ЗАУЫТ БАСШЫСЫ

- Біздің зауыттағы металл құрылғылар цехы негізінен мұнай-газ компанияларына сервистік қызмет көрсетеді. Өнімге сұраныс жоғары. Сондықтан жылына 6 мың тонна металл құрылғылар жасап шығаруды  жоспарлап отырмыз.

 

Жаңа зауытта 65 адам еңбек етіп жатыр. Мамандардың барлығы шетелдерде біліктіліктерін арттырған жергілікті тұрғындар. Жұмысшылар жаңа технологиялардың арқасында бәсекеге қабілетті, әрі сапалы өнім өндіріп отыр. 

 

САМАТ АЛДАБЕРГЕНОВ, ДӘНЕКЕРЛЕУ ЦЕХЫНЫҢ БАСШЫСЫ

- Ресей, Германия, Түркия сияқты елдерде оқып, білім алып сосын біздің зауытқа келіп соның бәрін бізге өндіріске енгізіп жатыр. Операторларымыз келеді, программасын енгізеді қалғанының бәрін сол жаңа салынған роботтарымыз жасайды.

 

Кәсіпорынға 2,6 млдрд теңге қаржы салынған. Өнімге сұраныс көп болғандықтан, құйылған инвестицияның қайтарымы жоспарлаған мерзімге сай келеді дейді мамандар. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер