Елордада «World Scholar's Cup»  халықаралық оқушылар олимпиадасының аймақтық кезеңі өтті. Әлемдік деңгейдегі зияткерлер кубогына үміткерлер 6 пән бойынша оқып-түйгендерін  сарапқа салды. Атап айтсақ, тарих, жаратылыстану, өнер, қоғамдық және нақты ғылыми пәндер бойынша бәйгеге түсіп, білімдерін дәлелдеуге тырысып бақты. Шартқа сай, жекелей және командалық сында 4 түрлі тапсырма орындау талабы қойылды. Барлығы 400 сайыскер, оның 100-і Қырғызстаннан келген. Әрбірі жүлдеден дәмелі.

 

ЖҰЛДЫЗ ҚАПЫШ, ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСУШЫ

- Біз шығарма жазуымыз керек және бір бірімізбер ой-піккірлерімізді талқылауымыз қажет. Меніңше барлық тақырыптар оңай,өйткені мәліметтің бәрі ғаламторда берілген. Сондықтан тек жақсылау дайындалу керек.

 

Жалпы, халықаралық зияткерлер кубогы 2012 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Білім додасына әлемнің 100-ден астам қалаларының 10 жастан жоғары оқушылары жұмылдырылған. Шамамен жыл сайын 20 мыңнан артық шәкірт іріктеу кезеңінен өтеді екен. Үміткерлердің тек үш мыңы ғана ақтық сынға жолдама алады. Қазақстандық тәлім алушылар биыл үшінші мәрте білімдерін түгестеуде.

 

РИНАТ МАУТИН, «SРECTRUM» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕКТЕБІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

- Пәнаралық болғасын жалпы қорытындысы шығарылады әр пән бойынша және әр оқушыға бөлек номинация беріледі. Біздің оқушылар былтыр бірінші рет ақтық кезеңге жолдама алды. Оған біздің Астана қаласының 6-7 командасы қатысты. Олардың қатысуы өте жақсы болды. Олар әр жақтан медальдар алып келді. 

 

Дәстүрлі білім бәйгесінің қорытынды сындары алдағы маусым айында Ветьнам, Оңтүстік Африка және Грекия елдерінде өтеді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер