«Ұлы Жібек жолының» бойымен саяхат жаса! Бейжіңде осындай атаумен Астана халықаралық EXPO көрмесі таныстырылды. Оған Қытайдағы жетекші туристік компаниялар қатысты. Оларға елордада өтетін маңызды шара туралы толық ақпарат берілді. Сондай-ақ, EXPO өкілдігі Бейжіңдегі жетекші үлкен туристік агенттікпен келісімшартқа қол қойды. Демек, қытайлық компания ресми түрде көрменің билеттерін сату, туристерді Астанаға жіберу сияқты жұмыстармен айналыса алады.

 

РОЗА АСАНБАЕВА, «АСТАНА ЕХРО-2017» ҰК ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

- Біз бұған дейін наурыздың 24-де Үрімшіде болдық. 27-де Сиан қаласына  барып,  Астана ЕХРО-ны таныстыру, насихат жұмысын жүргіздік. Осы Сианьда бірнеше келісімге қол қойылды. Қытайлар бізге келуге дайынбыз дейді. 31-і күні біз дәл осындай шараны Шанхайда өткізуді жоспарлап отырмыз. Әрине Қазақстанның әсем табиғатын, Елорданың көркем жерлерін көрсек деген саяхаттаушылар саны қазірдің өзінде жетерлік.

 

БИ ЦЗИНЬКУЙ, ТУРИСТІК КОМПАНИЯ ӨКІЛІ

- «Аir China» әуе компаниясының маусым айынан бастап жұмысын бастайтынын ескерсек, біздің Қазақстанға туристер жіберуімізге көптеген қолайлы жағдай туғызып отыр. Сондықтан біздің тур компания осы бағытты дамытуды көздеп отыр. Бастапқы кезеңде, Қазақстанға 3-5 мыңға дейін турист жібереміз деп ойлаймын.

 

Астанада өтетін EXPO-2017 көрмесіне украиналық компаниялар да қызу дайындалуда. Аталған көрме елдің ұлттық жоспарындағы энергетика саласына қатысты міндеттерді жүзеге асыруға зор мүмкіндік береді. Бұл туралы Украинаның энергия тиімділігі мен оны үнемдеу жөніндегі мемлекеттік агенттік төрағасы Сергей Савчук мәлімдеді. Оның айтуынша, 2020 жылға дейін Украинада баламалы энергия көзінің үлесі 11 пайызға жетеді.

 

СЕРГЕЙ САВЧУК, УКРАИНАНЫҢ ЭНЕРГИЯ ТИІМДІЛІГІ МЕН ҮНЕМДЕУ ЖӨНІНДЕГІ АГЕНТТІК ТӨРАҒАСЫ

- Бұл дегеніңіз электр кәсіпорындары, жылу энергиясы, сұйық отын өндірісі. Қазіргі күні бұл салада жұмыс істейтін компнияар баршылық. Бірақ оларға жоспарларын жүзеге асыруға қаражат жағы жетіспейді. Сондықтан олар ЕХРО көрмесінде біздің павильонды пайдаланатын болады. Бұл оларға өте үлкен мүмкіндік.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер