Француз кәсіпкерлері Қазақстанға салатын инвестицияны ұлғайтады. Парижде өткен іскерлік кездесуде еліміздің сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов осылай деді. Францияның іскер азаматтарының Қазақстанға қызығушылығы басым. Олар әсіресе, Маңғыстау облысында теңіз суындағы тұз мөлшерін азайтуға қатысты инвестициялық жобаны іске асыруға ниетті. Сонымен қатар, елдің ең алдыңғы қатарлы компаниялары EXPO-2017 халықаралық көрмесінде өз жұмыстарын көрсететін болады.

 

ИВ-ЛУИ ДАРРИКАРРЕР, ҚАЗАҚСТАН-ФРАНЦИЯ ІСКЕРЛІК КЕҢЕСІНІҢ ТЕҢ ТӨРАҒАСЫ

- Қазақстан мен Франция арасындағы бизнес әріптестік өте жоғары деңгейге жетті. Сіздің елге біздің бизнесмендер құйып жатқан инвестиция көлемі барған сайын артып келеді. Бұл екі жаққа да тиімді. Іскерлік байланысымыз арта түсетініне сенімдімін.

 

ОЛИВЬЕ КЛОЗЕН, VEOLIA КОМПАНИЯСЫНЫҢ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ

- Біздің Қазақстанға келгенімізге 6 жыл болды. Ақтауға суды тазартуға қажет құрал-жабдықтар жеткіземіз. Қазір екі жобамыз бар. Соларды жүзеге асырсақ жоспарлап отырмыз. Екеуі де сумен қамтамасыз етуге қатысты. Тіршілік көзін үнемдей отырып, Ақтау мен Жаңаөзен тұрғындарына, өндірістік орындарына тұщы су жеткізіп берсек дейміз.

 

Жалпы, шетелдік ірі бизнестің Қазақстанға деген қызығушылығы зор. Жақында «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының топ менеджерлері MorganStanley (Морган Стэнли), Chevron, SkypowerGlobal (Скайпауэр Глобал), Samsung C&T (Самсунг Си энд ти) секілді америкалық компаниялармен өзара ынтымақтастық жөнінде кездесу өткізді. Мақсат – америкалық инвесторларды қазақстандық активтермен таныстыру. Қор қызығушылқық танытқандарға 200 компания тізімін ұсынып отыр. Оның 44-і ірі. Осылайша, мемлекет меншігіндегі мүлік кезең-кезеңімен жеке қолға өтіп, өз жемісін бермек.

 

БАЛЖИТ ГРЕВАЛ, «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» АҚ СТРАТЕГИЯ ЖӘНЕ АКТИВТЕР ПОРТФЕЛІН БАСҚАРУ БОЙЫНША БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ

- Қор қазірдің өзінде трансформацияның нәтижесін көріп отыр. Біз стратегиялық моделімізді өзгерттік. Бұл қоржындық компаниялармен стратегиялық деңгейде қарым қатынас орнатуға, жекешелендіру бағдарламасының аясында өзара табысты айқындауға мүмкіндік береді.

 

Жиын таныстыру түрінде өткенмен, қазақстандық активтерге қызығушылық танытқандар қазірден байқалады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер