Қазақстанның үшінші жаңғыруы кезеңінде білім беру жүйесі орта буынға айналуы тиіс. Президенттің бұл бастамасы – дамыған 30 мемлекеттің қатарына бастайтын бірден-бір жол, дейді неміс сарапшылары. Олардың айтуынша, адами капиталдың сапасын жақсарту – мемлекеттің табысты дамуының басты факторларының бірі.

 

ГАНС-ЭРИХ БИЛЬГЕС, CONSULTUM COMMUNICATIONS МЕДИАКОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

 Біз Қазақстанның жаңғырту ниетін қолдаймыз. Айта кетейін, Президент жолдауы - болашаққа жол бастайтын өте көлемді әрі мағыналы дүние. Дамыған 30 мемлекеттің қатарына ену өте үлкен мақсат. Сіздер дұрыс жолда келе жатырсыздар. Қазақстанда мансап жасауға дайын жастар өте көп. Мемлекет білім саласына айрықша көңіл бөледі. Ол жоғары және кәсіптік білімге қатысты. Ал бұл жетістікке жетудің бірден-бір кепілі.

 

Үшінші жаңғыру шеңберінде елімізде «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы әзірленеді. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа жолдауында айтылған бұл құжат IT саласын модернизациялау мен дамытуды және оны бизнес үдеріске енгізуді көздейді. Алдағы мамыр айында «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы Үкіметтің қарауына жіберіледі. Интернет бизнес пен электронды сауда өкілдерінің айтуынша, аталған саланы дамыту үшін жас компанияларға мүмкіндік беру қажет.

 

КОНСТАНТИН ГОРОЖАНКИН, ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ИНТЕРНЕТ БИЗНЕС ЖӘНЕ МОБИЛЬДІ КОММЕРЦИЯ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

- Электронды саудамен айналысатын компаниялардың Ақпараттық технологиялар паркінде жұмыс істеуіне рұқсат беруін сұрап отырмыз. Ол жердегі компаниялар Корпоративті табыс салығынан босатылған. Интернет-бизнеспен айналысатын компаниялар Арнайы экономикалық аймаққа орналасса, біраз мәселе шешілер еді.

 

Ал британиялық BAE Systems компаниясының инвестициялар жөніндегі басшысы Стефани Хэкфордтың пайымдауынша, Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдауы Қазақстан экономикасына жаңа серпін береді. Ірі компания өкілі елімізде шетелдік инвесторлардың жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасалғанын айтады.

 

СТЕФАНИ ХИКФОРД, BAE SYSTEMS КОМПАНИЯСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӨНІНДЕГІ БАСШЫСЫ

- Президенттеріңіздің жолдауы нығайып келе жатқан экономикаларыңыз үшін өте өзекті. Қазақстан инвестиция құюға, сенім артуға және еңбек етуге тұрарлық ел екендігін бүкіл әлемге көрсетуге тырысып жүр. Компаниямыз елдеріңізде 15 жыл бойы жұмыс істеп келе жатқанын мақтан тұтады және елдеріңізбен қарым-қатынасын ерекше қадірлейді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер