Елімізде ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесінің 17 ресми билет сату кассасы ашылды. Көрмеге келем деушілер жолдаманы «Қазпошта»бөлімшелерінен де сатып ала алады. Сондай-ақ, барлық облыстарда кассалар жұмыс істейді. Ал Астана тұрғындары мен қонақтары билеттерді елордамыздағы ірі ойын-сауық орталықтарынан сатып алып жатыр. 

 

АЙДЫН ӘМІРЕЕВ, «АСТАНА ЭКСПО-2017» ҰК ДЕПАРТАМЕНТ МЕНЕДЖЕРІ

- Бұдан бұрын алдыңғы жылдың желтоқсан айында «ХанШатыр», «Керуен», Алматы сауда орталықтарында билет кассалары ашылған болатын. Бұдан бұрын «Меломан» сауда орталықтарында 15 касса және «Қазпоштаның» 981 бөлімінде кассалар ашылған болатын.

 

Тағы қосымша 38 ресми касса көрші Ресейдің ірі қалаларында да пайда болды. Мәселен, бір Мәскеудің өзінде билетті 14 жерден сатып алуға болады.

 

Ал сатушыларға жәрдем беретін мына роботтар, халықтың сұрағына жауап беріп, көрме туралы ақпарат беруге дайын.

 

ДӘУЛЕТ ЕРКІМБАЕВ, «АСТАНА ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ КОММЕРЦИАЛИЗАЦИЯ ДИРЕКТОРЫ

- Қазақстанда билет құны 4 мыңнан 8 мыңға дейін болса, Ресейдің валютасына аударғанда оның құны 850 рубльден 1650 рубльге дейін жетеді. Шетелдік саяхатшының көбі Ресейден келеді деп күтіп отырмыз. ТМД елдерінен келушілердің 47 пайызы осы ресейліктер болатын шығар.

 

Билет кассалары Мәскеумен қатар, Санкт-Петербор, Қазан, Екатеринбург, Новосібір мен Сочиде оффлайн режимде сатылымға түседі. Сәуір айында дәл осындай орындар өзге мемлекеттерде де ашылмақ. Олар көрменің соңына дейін жұмыс істейді. Ал өзге елдегі шетелдіктер билеттерді www.expo2017astana.com сайтынан онлайн тәртіппен немесе ЕХРО көрмесіне келген бойда сатып ала алады. Бүгінге дейін барлығы 670 мың билет сатылған.

 

Ал EXPO-2017 халықаралық көрмесіне келген қонақтарды Ақмола облысының 100 туристік нысанында қарсы алады. Олардың тең жартысы Бурабайда орналасқан. Облыс орталығындағы сауда орталықтарының бірінен EXPO билет кассасы ашылды.

 

ШЫНАРБЕК БАТЫРХАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ

- Енді біздің Ақмола аймағына сол 2 мынның 100 мыңы келеді деген өз басында айтылып жатыр. Бірақ та, біз Ақмола аймағы да сол көрмеге 100 мыңнан астам адамдарды апаруымыз керек. Өткен жылдың мамыр айынан бастап онлайн сатылым өтіп жатыр. Оның ішінде «Қазпоштаның» мекемелері сондай мүмкіншілікті туғыздырып жатыр. Бүгін мысалы, билет алам десе, ондай мүмкіншілік бар.

 

Шетелдік меймандарды тасымалдаумен аймақтың 68 туристік компаниясы айналысады. Олар бүгінде 50-ден астам бағытты дайындап қойған. Одан бөлек, қазақ, орыс және ағылшын тілінде еркін сөйлейтін экскурсия жетекшілері де қазір өз әзірліктерін пысықтап жатыр. Оларға ерікті қыз-жігіттер көмектеседі.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер