Осыған орай Астанада дипломатиялық корпус өкілдері, мемлекеттік және қоғам қайраткерінің қатысуымен жиын өтті. Израильдің Қазақстандағы елшісі Михэаль Бродский ширек ғасырда екі елдің мықты байланыс орнатқандығына тоқталды. Қазіргі таңда Қазақстан мен Израиль медицина, ауыл шаруашылығы және  IT-технологиясы сынды салаларда әріптестік орнатқан. Өткен жылы екі елдің тауар айналымы 300 млн доллардан асыпты. Бүгінде елімізде 270 израильдік компания жұмыс істейді.

 

МИХАЭЛЬ БРОДСКИЙ, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИЗРАИЛЬ ЕЛШІСІ

Біз біраз уақыт бойы Қазақстаннан ірі көлемде мұнай экспорттап келеміз. Ал Қазақстан болса, израильдік технологияларға қызығушылық танытуда. Дегенмен екі ел әріптестігінің қазіргіден де қарқынды дамуына мүмкіндік бар деп ойлаймын. Сауда-саттық көлемін ұлғайтудың әлеуеті зор. 

 

Израиль мен Қазақстан арасында орнаған мәдени диалог та мықты. Астанада  белгілі израильдік пианист Леонид Пташканың концерті ұйымдастырылды. Ол америкалық биографиялық институтының бағалауынша, әлемдегі 100 үздік джаз музыканттардың тізіміне енгізілген. Леонид Пташка Қазақстанда өнер көрсетуге әрдайым қуана келісетіндігін айтады. Бұл жолы музыкант «Алтын Иерусалим» композициясын орындады.

 

Леонид Пташка рояльдегі ойынымен қоса, қазақстандық көрерменді көне еврей аспабы – шифарда ойнауымен де еліктірді. Бұл концерт қазақстандық көрермендер үшін жалғыз тарту емес. Алдағы уақытта да бірқатар шаралар ұйымдастырылған.

 

РЕГИНА ШАФИР-БРОДСКИ, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИЗРАИЛЬ ЕЛШІЛІГІНІҢ МӘДЕНИЕТ ЖӨНІНДЕГІ АТТАШЕСІ

- Мамыр айында Қастеев музейінде тұңғыш рет толықметражды көрме өтпек. «Израиль түстері» атты суретші Зоя Севердің вернисажы ұйымдастырылатын болады. Сондай-ақ, мамырдың 21-күні өтетін Тенгри фестиваліне израильдің «Dudu Tassa» тобы қатысады, ал Рустам Оспановтың  «Jazzystan» жобасы биыл Израиль еліне арналып отыр. 

 

Израиль ЕХРО-2017 көрмесінде де мәдени бағдарламамен таң қалдырмақ. Астанаға израильдік театр мен Беньямин Юсупов жетекшілік ететін симфониялық оркестр келмек.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер