Жаңғыртуға бет алған Қазақстанның әлемдік рейтингтегі даму көрсеткіші жоғарылап келеді. Дүниежүзілік банктің Вице-президенті Сирил Мюллер осындай мәліметпен бөлісті. Ол өз сөзінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың экономиканы әртараптандыру арқылы макроэкономиканы тұрақтандырып отырғанын атап өтті.

 

СИРИЛ МЮЛЛЕР, ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНКТІҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ

- Қазақстанның қарыштап дамуына әкелетін негізгі жолдың бірі - экономиканы әртараптандыру. Бұл жаңа кәсіпорындар мен жұмыс орындары ашылады деген сөз. Осы тұста Қазақстан бизнесті дамытуға баса назар аударып отыр және бүгінде әлем елдерінің ішінде 35-ші орында тұр. Алдағы уақытта Қазасқтанның рейтінгі көрші елдермен сауда айналымы, ауыл шаруашылығы және азық-түлік өндірісінде де жоғарылайды деп үміттенемін. Сонымен қатар мұнда макроэкокнмика тұрақты. Бұл инвесторлардың сенімі мен қызығушылығын тудырып, Қазақстан экономикасының сәтті дамуына септігін тигізеді.

 

Британ-Қазақ қоғамының патроны, халықаралық сараптамалық «Фест» журналының басшысы Руперт Гудман да Елбасы жолдауын қолдайтындығын айтады. Оның айтуынша, құжат адам капиталының дамуына ерекше екпін береді. Гудман адам мен оның әлеуеті 21-ғасырда экономиканың басты қозғаушы күші екендігімен келіседі.

 

РУПЕРТ ГУДМАН, БРИТАН-ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНЫҢ ПАТРОНЫ

- Кез-келген елдің ілгері дамуында адам капиталының алатын орны ерекше. Қазақстан дұрыс бағытты таңдап алды және білімге инвестиция құя бастады. Яғни шетелдік университеттерге студенттер жіберіп жатыр. Бұл мемлекеттің интеллектуалды капиталын байытып, халықтың сапалық деңгейде ілгерілеуіне оң ықпал ететін болады. Қазақстан зор әлеуетке ие болып, бұл ұлы өзгерістерге әкеледі.

 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз жолдауында барлық салаларды қамтыған, соның ішінде бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту тақырыбын да айналып өткен жоқ. Өйткені тұрақтылық пен қауіпсіздік – тиімді даму кепілі, дейді Қазақстан Стратегиялық зерттеулер институтының сарапшылары.

 

ЕСКЕНДІР АҚЫЛБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ 

- Елбасының жолдауында ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған бастамалар туралы да айтылды. Осыған орай қазір Қазақстан киберқауіпсіздік қорғанысы жөнінде бағдарлама құруды жоспарлап отыр».

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер