«Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауы мемлекеттің озық отыз елдің қатарына енудегі тағы бір сәтті қадамы». Тарих ғылымдарының докторы, профессор Франк Альбоның ой-пікірі осындай. Оның пайымдауынша, алға қойған міндеттер өте биік, бірақ жүзеге асары анық. Альбо елорданың 20 жылдығына және «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне арналған «Астана: жұмбақ, сәулет және тағдыр» атты кітаптың авторы. Бірнеше мәрте Қазақстанда болғандықтан еліміз жайлы жақсы біледі.

 

ФРАНК АЛЬБО, ПРОФЕССОР, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ

- Адам нанғысыз жағдай. Бұл көрегендіктің белгісі. Қазақстанның тынысы кеңейіп жатыр. Мен мұны жаһандық деңгейде айтып жатырмын. Қысқа мерзімде бұған қалай қол жеткізілді? Экономикалық ғана емес имидждік тұрғыда да Қазақстан бүкіл әлемге танылды. Бұл сіздердің жүріп өтетін жолдарыңыз. Экономиканы жаңғырту нақты қадамдардың құрамдас бөлігі болуы тиіс.

 

Британ-Қазақ қоғамының патроны, халықаралық сараптамалық «Фест» журналының басшысы Руперт Гудман да Елбасы жолдауын қолдайтындығын айтады. Оның айтуынша, құжат адам капиталының дамуына ерекше екпін береді. Гудман  адам мен оның әлеуеті 21-ғасырда экономиканың басты қозғаушы күші екендігімен келіседі.

 

РУПЕРТ ГУДМАН, БРИТАН-ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНЫҢ ПАТРОНЫ АУДАРМА:

- Кез-келген елдің ілгері дамуында адам капиталының алатын орны ерекше. Қазақстан дұрыс бағытты таңдап алды және білімге инвестиция құя бастады. Яғни шетелдік университеттерге студенттер жіберіп жатыр. Бұл мемлекеттің интеллектуалды капиталын байытып, халықтың сапалық деңгейде ілгерілеуіне оң ықпал ететін болады. Қазақстан зор әлеуетке ие болып, бұл ұлы өзгерістерге әкеледі.

 

Қазақстан Стратегиялық зерттеулер институтының сарапшылары болса, Елбасы жолдауында көрсетілген бастамалар ұлттық экономиканың өсіп-өркендеуіне тың серпін береді деген ойда.

АННА АЛЬШАНСКАЯ, ҚАЗАҚСТАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ БӨЛІМІНІҢ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ

- Қазақстан Президентінің жолдауы ұзақмерзімді стратегиялық жоспарға негізделген. Елбасы бүгінгі жаһандық өзгерістерге бейімделу қажеттігін айтты. Сондықтан экономикалық өсімнің жаңа моделі өндірістің жаңа деңгейіне көтеріп, халықтың әл-ауқатын жақсартуға ықпал етеді.

ЕСКЕНДІР АҚЫЛБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ БӨЛІМІНІҢ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ

- Лаңкестерден төнетін қауіп күннен күнге күшейіп келеді. Сол себепті әлем елдері бұл қауіппен бірлесіп күресуі керек. Елбасының жолдауында ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған бастамалар туралы да айтылды. Осыған орай қазір Қазақстан киберқауіпсіздік қорғанысы жөнінде бағдарлама құруды жоспарлап отыр.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер