Жамбыл облысында баламалы қуат көзін дамытуға бағытталған жобалар жемісін бере бастады. Өткен жылдың өзінде Қордай ауданындағы жел электр стансасы сағатына 160 миллион электр энергиясын өндірді. Қуаты 53,75 мегаваттық үшінші станция кезең-кезеңмен салынып жатыр. Оның қуаты алдыңғыларынан екі жарым есеге көп. Қазір 19 қондырғы орнатылып қойған. Ол пайдалануға берілген күннен бастап шамамен 47 миллион киловатт сағат электр энергиясы өндірілген.

 

МАРАТ ТҮКБАЕВ, ӨНДІРІС ЖӨНІНДЕГІ ДИРЕКТОР

- Электр энергиясын өндіру көлемі тікелей табиғатқа байланысты. Жел көбейген сайын өнім де арта түседі. Бұл таза жасыл энергия. Қазір 40 шақты станция жұмыс істеп жатыр. Оның 21-нің қуаты 1 мегаваттан, 17-нікі 1,65 мегаватт болады. Жоба әрі қарай да жалғасын табады.

 

Зұлмұрат Сыздықов осы жерде электр жүйесін реттеп, үйлестіруге жауапты. Оған жаңа технологияның тілін шетелден келген арнайы мамандар үйреткен.

 

ЗҰЛМҰРАТ СЫЗДЫҚОВ, ТЕХНИК-ЭЛЕКТРИК

Генератордың жұмыс істегені, мощность көрсетіп береді. Осы жерде кіріп біз логоватся етіп ошибкаларын көреміз. Бәрі неміс тілінде шығарылған. Қазір 8,2 көрсетіп тұр. 115 киловатт шығарып тұр.

 

Қазір өңірге қажетті электр энергияның басым бөлігі Қырғыз елінен алынып отыр. Жақында қосалқы станция салынбақ. Жоспар орындалса, бұл импорт көлемін төмендетуге сеп болады.

 

ҚАЙРАТ ДОСАЕВ, ҚОРДАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

- Жоғары ВЛ-220 деп айтамыз. 220. Үлкен подстанция Қордайда салынатын болды. Биылға бөлінген 500 миллион теңге жобалық сметалық құжаттың бәрі дайын. Бөлінген жеріміз дайын. Іске қосылып бітетін болса бізде мынау Қырғызстан мемлекетіне Тәуелділіктен жәйләп шығамыз да.

 

Сондай-ақ Қордай асуында жылдық қуаты 99 мегаватт болатын жаңа станция бой көтереді. Қазір осыған қатысты келіссөздар жүріп жатыр. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер