«ЭКСПО-керуені» әлемді шарлап жүр. Мәселен Итальялиядағы роуд-шоуда нтерактивті мобильдік павильон арқылы еуропалықтарға «ЭКСПО», «болашақ энергиясы» жайында кеңінен мағлұмат берді.

 

БЛИЦ:

1. Мұнда бәрі қызық. Болашақта баршамыз баламалы энергияға көшуіміз керек. Оның адамзатқа, жалпы табиғатқа тигізер пайдасы зор.

2.  ЭКСПО-ны Қазақстан бізден қабылдап алды ғой. Осында болған кезде Қазақстанның павильонына бірнеше рет бардық. Сіздің елдеріңіз бізде өткен ЭКСПО ға аса зор жауапкершілікпен қарады. Жақсы жұмыс істеді.

 

«ЭКСПО-Керуені» Италияға дейін Испанияда болды. Миланда екі күннің ішінде павильонды мыңнан аса адам тамашалады. Керуен бұдан соң Цюрих, Париж, Лондонға жол тартады.

 

Ал Әзірбайжан астанасында өткен роудшоу «Астана EXPO-2017-мен Ұлы Жібек Жолына саяхатта» деп аталды. Мұнда да жылдың ең басты көрмесі жайында ақпарат беріліп, Қазақстанға саяхат жасаудың мүмкіндіктері таныстырылды.

 

ЕРНҰР КЕНЖЕБЕКОВ, «АСТАНА ЭКСПО-2017» ҰК» ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ МЕНЕДЖЕРІ

- Әзірбайжан Республикасынан келетін қонақтардың санын 50 мыңға жеткізуге болады деп ойлаймыз. Алдағы уақытта осындай шараларды жиі өткіземіз. Соның арқасында, көрмеге келушілер саны артады деген сенім бар.

 

Бұл ретте қазақстандық әуе компанияларының да рөлі ерекше. Олар көрмеге келушілерге қолайлы жағдай жасап, жаңа әуе рейстерін ашуды да жоспарлап отыр. 

 

ДАКЕН ШЕМЕТ, «ЭЙР-АСТАНА» КОМПАНИЯСЫНЫҢ АЙМАҚТЫҚ МЕНЕДЖЕРІ

- Әзірбайжан азаматтары ЭКСПО-ны күтпей-ақ Астанаға қазір барып саяхаттауға болады. Қазір, аптасына 3 рет Алматыға қатынайтын әуе рейстері бар. Ал, 5 маусымнан бастап тағы Баку-Алматы бағытын қосамыз. Бұған қоса, алдағы жаз айларында Астана-Улан-Батор рейсі ашылады.

 

Сәуір айының соңына қарай әзірбайжандық турфирмалар Астанаға келіп, EXPO өтетін алаңды көре алады. Оған бұндағы компаниялардың да қызығушылығы өте жоғары.

 

АРАЗ ДЖАФАРЛИ, ӘЗІРБАЙЖАН ТУРФИРМАСЫНЫҢ МЕНЕДЖЕРІ:

- Бұндай шаралар Қазақстанға Әзірбайжаннан және басқа елдерден ағылатын саяхатшылардың санын арттыруға үлкен септігін тигізеді. Біз бейнероликтерден халықаралық көрме өтетін елдің әлеуетін көріп, туристерге сол мемлекетке баруға кеңес береміз.

 

Ал көрменің өзінде таныстырылатын инновациялық технологиялар жайында ақпарат әзірге құпия. Олар туралы саяхатшылар тек халықаралық көрме басталғанан кейін ғана біле алады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер