Оңтүстік Қазақстандық шаруалар асыл тұқымды жылқыларды Қытайға жөнелтпек. 5 басқа тиісті келісім жасалған. Түркіменнің атақты Ақалтекесін өсіру Түлкібастағы шаруашылықта осыдан үш жыл бұрын қолға алған. Қазіргі таңда жылқы зауытындағы Қамбар ата төлінің басы 200-ге жеткен..

 

Мұндағы барлық сәйгүліктің шыққан тегі мықты. Ал, осы өңірге алғаш келген Ақалтекенің бүгінгі тұқымы мына «Аман» есімді сәйгүлік.

 

ҚАНАТ САДЫҚОВ, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ

- Бұл аттың аты «Аман»деген айғыр. Бұл чемпион Петигорск конкур жағынан. Биіктікке секіруден де чемпион болған Ташкентте. Бұл ат 12 жасар айғыр қазір. Осының тұқымын алып жатырмыз. Бұл аттар сәл нәзік болады. Бұларға күтім керек.

 

«Фасункала», «Магнат», «Тайсон», «Сыйлық», «Азгир», «Тәжмахал», «Астролог» асыл тұқымы жылқылардың есімдері осылай тізбектеліп кете береді. Барлығы да атына заты сай тұлпарлар. Тектіге тән тәкаппар жүрісі мен сұлулылығы кімді де болсын тәнті етеді. Артынан шаң ілеспес сәйгүліктерді ауыл балалары бәйге мен көкпарға да үйретеді.

 

«Бұл жануарлардың жан дүниесі өте бөлек. Тіпті дауыс көтерсең ренжіп қалады», - дейді атбегі. Фермада Түркіменнің Ақалтекесінен басқа таза қанды Ағылшын сәйгүлігі және Донның аттары бар. Тіпті Пони да әкелінген. Оларға жеміс-жидекке дейін беріледі. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер