Қазақстан азық-түлік экспорты көлемін ұлғайтуда. Шетелге, негізінен, отандық бидай, жармалар және ет жөнелтіледі. Экспортты арттыру мақсатында елдегі бордақылау алаңдарының да саны көбеюде. Бір Үржар ауданының өзінде 400 нысан жұмыс істеп тұр. Олардың ішіндегі ең ірісі – «Алғабас» шаруа қожалығы. 6 жылдың ішінде мұндағы асыл тұқымды малдың саны 3 мыңға жеткен. Биыл ауданда «Сыбаға» бағдарламасы арқылы тағы 15 бордақылау алаңын ашу жоспарда бар.

 

МАНАРБЕК ҚАБИН, ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ БАС ЗООТЕХНИГІ

- «Қазагроөнім» корпорациясымен жұмыс істеп отырмыз. Олар арқылы мал сатып алып, соны бордақылап, оның салмағы 400 келіге жеткізіп, соны нарыққа шығарып отырмыз еттерін. Алматы нарығына жіберіп жатырмыз етті. Келешекте сол дайындалып жатырмыз, Ресей не болмаса Қытай нарығына ет шығаруға біз дайындық үстіндеміз».

 

Шетелде Қазақстандық тауық жұмыртқалары да зор сұранысқа ие. 2016 жылы тауық жұмыртқасын өндірушілер экспорт көлемін 12 жарым есеге ұлғайтты. Қазіргі таңда өнім Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей және Біріккен Араб әмірліктеріне жөнелтілуде. Қытайға экспорттау да жоспарда бар.

 

Ақмола облысының Атбасар қаласындағы нан қабылдау кәсіпорны да өз өнімін экспортқа шығарып отыр. Жұмыс қарқынмен алға басу үшін кәсіпорында жаңа темір цехы да іске қосылды. Бұрын қосалқы бөлшектерді жергілікті кәсіпкерлер басқа қалалардан қымбат бағаға сатып әкелетін. Ал, жаңа өндіріс ошағы болса,  қаладағы астық сақтау қоймаларының бірінің жанынан ашылған.

 

ЕРМЕК ШАЙКЕНОВ, АСТЫҚ ҚАБЫЛДАУ КӘСІПОРНЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

- «Біз биыл 115 мың тонна астық қабылдадық. Оның жартысына жуығы шет елдерге жіберілді. Қазір Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Иранмен сауда байланысын орнатып отырмыз».

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер