БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болған Қазақстан Ауғанстандағы аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлес қоса алмақ. Елімізге іс-сапарымен келген Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев осындай ойын білдірді.

 

ШАВКАТ МИРЗИЁЕВ, ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  ПРЕЗИДЕНТІ 

- «2017-2018 жылдарға БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болған Қазақстан ауған проблемасын шешуге үлес қоса алмақ. Біз ауған халқының өз жерлерінде бейбітшілік орнатуға деген ұмтылыстарына демеу болуға әзірміз. Сондай-ақ саяси-дипломатиялық тәсілдер мен құралдарды қолдану арқылы ауған проблемасын реттеудегі БҰҰ рөлінің нығайтылуына да қолдау көрсетпекпіз».

 

Теңізге шыға алмайтын мемлекеттер Қазақстанды БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіндегі өздерінің өкілі деп санайды. Өйткені, теңізге шықпайтын дамушы елдер үшін тұңғыш «жол қартасы» қабылданған тарихи кездесу 2003 жылы Қазақстанда өткен болатын. Алқалы жиын қорытындысына сәйкес әрекет етудің Алматы бағдарламасы да жасалған. Онда көлік инфрақұрылымы мен транзиттік тасымалды дамыту бойынша нақты ұсыныстар келтірілген.

 

САНДАГДОРЖ ЭРДЭНЭБИЛЕГ, БҰҰ ТЕҢІЗГЕ ШЫҒА АЛМАЙТЫН ЕЛДЕР БОЙЫНША БАС МАМАНЫ

Қазақстанның БҰҰ-ның құрамына енгелі жемісті еңбек етуде. Ал , Қауіпсіздік кеңесіне сайлануы егемен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы өрлеу кезеңімен тұспа-тұс келді. Қазақстан өзіндік тәжірибесімен бөлісіп, теңізге шыға алмайтын мемлекеттердің мүддесін қорғауда маңызды рөл атқарады. Өйткені БҰҰ-да әрекет етудің тиісті жоспары Алматыда қабылданған болатын. Сол үшін алғыс айтамыз».

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер