«ЭКСПО» көрмесінің нышандары Астананың орталығына қайта оралды, деп хабарлайды КТК. Сәуле, Қуат пен Мөлдір есімді мүсіндерді ЭКСПО үлкен даудан соң реставрацияға алып кеткен болатын.

Көбінесе Сәуле атты мүсін өзгерген. Тек киімі ғана емес, шаш үлгісіне дейін жаңарған. Әрі дизайнерлер ажырамас үш досқа аяқ киім кигізіпті.

Айта кетейік, «ЭКСПО» көрмесінің нышаны ретінде елорданың ортасына қойылған мүсіндердің кескін-келбетіне қатысты екі ай бұрын дау туған еді. Кейін Сәуле жоғалып, артынан жұрт Қуат пен Мөлдірден де көз жазып қалған болатын. Енді ажырамас достар қайта бір-бірін тапты.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер