«Елбасы Үндеуінде айтылған басым бағыттарды «Қазақстан-2050» жалпыұлттық стратегиясын жүзеге асырудың алғышарты деп қабылдауымыз қажет». Бұл - Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Бектұр Төлеуғалиевтің пікірі. Ширек ғасырда аяғына нық тұрған азат ел адами капиталды жақсартып, шағын және орта бизнесті дамытуды жолға қойды. Экономиканы әртараптандырып, технологиялық мүмкіндікті жақсартуға ұмтылған мемлекет қана алға озады, - дейді ол.

БЕКТҰР ТӨЛЕУҒАЛИЕВ, ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ

- Бизнесті жақсарту дегеніміз халықтың әлеуметтік тұрмысын жақсарту деген сөз. Табыс табу, мемлекетке пайда келтіру деген сөз. Адами капиталды жақсарту дегеніміз - адамды жан-жақсы, шетелдік мемлекеттермен қарым-қатынас жасай алатын дәрежеде сауаттандыру, соған сай білім беру. Мектепте оқыту жүйесін жетілдіруді қолға алып жатыр. Әрине, бұл үлкен жетістік.

Адами капиталды дамытуда жастарға сапалы білім беру үлкен маңызға ие. Мысалы, Атырау мұнай-газ университетіндегі 26 мамандықтың бесеуі ағылшын тілінде оқытылады. Бұл – халықаралық деңгейдегі үздік бағдарламаларды тәжірибеге енгізудің нәтижесі. Үш тілділік жүйесіне университет кезең-кезеңімен көшіріледі. Ал өткен жыл ішінде оқытушылардың дені АҚШ, Еуропа, ТМД елдеріндегі жоғары оқу орындарында біліктіліктерін жетілдіріп келді. Бұл бағдарламалар өз ісін жетік білетін маман дайындауға негіз болады, дейді университет ректоры Әли Әжімұлы.

ӘЛИ ӘБІШЕВ, АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ

- Біздің студент жастарымыз тек қана аудитория, дәрісханаларда емес өндіріске барып еңбек істеп жатыр. Осындай кәсіби-техникалық білім алу қазіргі жаңа экономиканың негізін құрайды. Екіншіден, әрине қазіргі уақытта жаңа бағдарламалар инновациялық түрде болуы керек. Осы бағыт бойынша белгілі, үздік шетелдік оқу орындарымен тығыз байланыста жұмыс істеп жатырмыз. 75 халықаралық деңгейдегі партнерларымыз бар. Солармен бірге біз қазір жаңа оқу бағдарламаларын іске асырып жатырмыз.

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер