Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесіндегі тұрақты емес мүшелігі – барлық қазақстандыктардың жетістігі. Бұл Оңтүстік Корея Каннам университеті жанындағы Орталық Азияны зерттеу институтының директоры Фил Кимнің пікірі. Ол Қазақ елінің 2010 жылдан бастап Қауіпсіздік Кеңеске мүше болуды мақсат еткенін әрі оған жетуінің кездейсоқ емес екенін айтады. Қазақстан өзінің тәуелсіз 25 жылы бойында ядролық қарудан ада ел ретінде дәлелдеп отыр. Сондай-ақ, ресми Астана әлемді ядролық қарудан босату салатын да сәтті жүргізіп келеді.

ФИЛ КИМ, ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫ ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Біріккен Ұлттар Ұйымының 100 жылдығына орай Қазақстанның 2045 жылға дейін ядролық қарудан азат әлемді құруға бағыты мені тан қалдырды. Қазақстан Корея түбегінде ядролық қару мәселені шешу ұшін бар күшін салады деп ойлаймын. Сол үшін бұл мәселеге қатысты көпжақты келіссөздер жедел түрде қайта жалғастыру қажет.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесінің құрамына енген Қазақстанға әлемдік қоғамдастық ерекше көңіл аудара бастады. Әсіресе, ұйым хатшылығында жұмыс істеп жүрген жерлестеріміз жұрттың жіті назарында. Біріккен Ұлттар Ұйымы хатшылығына қызметке тұру өте қиын әрі қатал талаптардан тұратын іріктеуден өту керек. Қазір Қазақстанның отыздан астам азаматы Біріккен Ұлттар Ұйымының түрлі агенттіктері мен қорларында және бағдарламаларында әкімшілік қызмет атқарады.

ЖАНАТ ҚУЖАБАЕВ БҰҰ ХАТШЫЛЫҒЫ МЕНЕДЖМЕНТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

БҰҰ құрылымында еңбек етіп жүріп байқағаным – Қазақстан танымал елге айналыпты. Қауіпсіздік кеңесіне мүшелікке өткен соң, еліміздің беделі де өсіп, түрлі жағдайларға әсер ете бастады. Қазақстан бейбітшілікті сақтау, терроризмге қарсы күрес секілді бастамаларын БҰҰ мен халықаралық қоғамдастық алдында лайықты көрсете алады деп ойлаймын.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер