Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасының кітапханасында 15 жастағы күйші Ғаламат Бейсеқожаевтың Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевқа арнаған «Атадан мұра» күйінің тұсаукесері өтеді, деп хабарлайды Baq.kz.

Жас дарын «Махамбет», «Абай толғауы», «Есдәулет», «Сұлутөр», «Қосбасар», «Қордай», «Жауынгер», «Есдәулет» іспетті 20-ға жуық күйдің авторы. 9 сынып оқушысы талай республикалық байқаулардың жүлдегері атанған.

Кітапхананың баспасөз қызметі хабарлағандай, Елбасына арналған жаңа туындының тұсаукесеріне жас өнерпаздар Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының 9 және 5 сынып оқушылары Ғаламат пен Нұрәлі Бейсеқожаевтар, Ғ.Орманов атындағы мектеп-гимназияның оқушылары мен ұстаздары, колледж студенттері және Елбасы кітапханасының қызметкерлері қатысады.

Кездесу барысында ағайынды Бейсеқожаевтармен сұхбат өтеді және музыкалық қойылымдар жоспарланған.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер