Димаш Құдайберген "Singer 2017" жобасының 10-кезеңінде үшінші орынға ие болып, байқаудың финалына жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Димаш бұл кезеңде О.Байсеңгірдің сөзіне жазылған өз әні «Ұмытылмас күнді» шырқаған болатын. Қытайлық hupu.com сайтының мәліметінше Димашпен бірге қытайлық әнші Лин Илиан және қытайлық «Арыстан» тобы ақтық кезеңге шыққаны жария етілді.

Димаш осымен байқаудың барлық іріктеу кезеңін артта қалдырып, соңғы межеге сүрінбей өтті. Оныншы кезеңнен кейін жарыс жолынан шығып қалған әншілерге жұбату бәсекесі болады. Финал екі кезеңге бөлініп, соңғы финал тікелей эфирден көрсетіледі.

Димаш Кудайберген пробился в финал конкурса Singer-2017 (видео)

Ертең Singer 2017 байқауының 9-кезеңі эфирден көрсетіледі. Онда Димаш канадалық әнші Селин Дионның «All by myself» әнін орындайды. Бұл кезеңде Димаш екінші орын алған болатын. Ал 10-кезең эфирге 25 наурыз күні шығады.

Сондай-ақ, Димаш Құдайбергеннің Қытайдағы ән байқауындағы сайысын отандық телеарна көрсетеді. Бұл туралы «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасының орынбасары Ринат Кертаев мәлім етті.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер