Қазақстан БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде жауапты миссиясына кіріскелі белсенділік танытуда. Осы уақыт ішінде қазақстандық делегация Қауіпсіздік кеңесінің 30 отырысына қатысып, Таяу Шығыс шырғалаңы, Сириядағы соғыс пен Мосул мәселесі бойынша үн қосты.

ҚАЙРАТ ӘБДІРАХМАНОВ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ:

Қауіпсіздік Кеңесі БҰҰ-ның 6 басты органдарының бірі болып табылады. Оған халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қолдау көрсету бойынша басты жауапкершілік жүктелген. Бізге Қауіпсіздік Кеңесінің Ауғанстан, Талибан, Игил, ДАИШ, Әл-Каида және Сомалия комитеттерінің төрағалығы жүктелген.

МҰХТАР ЕРМАН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Негізгі басымдықтарды Елбасы өзінің саяси үндеуінде айтқан болатын. Бұлардың арасында ең бірінші, ең маңыздысы ядролық қарудан азат әлем құру, сонымен қатар жаһандық соғыстың ықтималдығын азайту, бітімгершілік мәселелерге назар аудару,  экстремизм мен терроризмге қарсы жаһандық желіні құру және сол желінің негізі ретінде болашақ Астана кодексін іске асыру.

БҰҰ аясында экстремизммен күрес Қазақстанның негізгі басымдығының бірі болмақ.

ҚАЙРАТ ӘБДІРАХМАНОВ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ:

Терроризмнің дефинициясы әлі белгіленген жоқ. Көп мәселелер терроризмге байланысты саясаттанып кеткен. Сол себепті Астана кодекстің негізгі мақсаты қайшылықтарға қарамай Астананың белгісімен біздің тәжірибемізге сүйене отырып, Астана кодексті БҰҰ-ның және басқа халықаралық ұйымдардың шеңберінде қабылдау.

Сондай-ақ, бұл отырыста мәжілісмен Мәулен Әшімбаев еліміздегі бейбітшілік пе келісім тәжірибесін әлемге тарату үшін БҰҰ-ның басшылық органдарына қазақстандықтарды тартуды ұсынды. Қазір БҰҰ-мы аппараттарында жиырмаға жуық Қазақстан азаматы жұмыс істеп жатыр.

НОРИМАСА ШИМОМУРА, ҚР БҰҰ ТҰРАҚТЫ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ:

Қазақстан – тұрақтылықтың доноры. Ол өзге елдерге тұрақтылыққа жетуге көмектеседі. Қазақстанның бітімгершілік қасиеті ұйымға, жалпы әлемге қазіргі күні қажет.

Сонымен, алдағы екі жыл Қазақстанның сыртқы саясаты үшін сындарлы мезгіл болмақ. Ал, 2018 жылдың қаңтар айында Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы міндетін атқарады. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер