Конституциялық реформа – Қазақстанда демократиялық құндылықтардың дами түскенінің тағы бір белгісі. «Бұл – жас мемлекет тарихындағы игі бастама»,-дейді Ұлыбритания парламенті лордтар палатасының мүшесі Патрик Томас Кормак.

ПАТРИК ТОМАС КОРМАК, ҰЛЫБРИТАНИЯ ПАРЛАМЕНТІ ЛОРДТАР ПАЛАТАСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Демократияландыру үрдісін қалыптастыру ісінде Президент Назарбаевтың осындай қадамға барып жатқаны әрине, қуантады. Бұдан экономика қен қоғамның алға басуына Қазақстан Парламентінің конструктивті рөл атқаратынын ұғуға болады. Бұл әрине шабыттандырады. Британиялық Парламент мүшелері, ол қауым палатасы болсын, лордтар палатасы болсын қазақ еліне табыс тілейді және екі ел парламенттері арасындағы қарым-қатынасты қолдайды.

Оңтүстік Кореядағы Хангук шет тілдері университетінің студенттері Қазақстандағы конституциялық реформасымен танысты. Жоғарғы оқу орнында «Қазақстантану» пәні бойынша осы тақырыпта дәріс өтті. Профессор Ли Джи Ынның айтуынша, президенттің кейбір өкілеттіліктері үкімет пен Парламентке берілгені өте дұрыс. Өйткені ондай өзгерістер Қазақстанның саяси және экономикалық дамуын одан әрі ынталандыра түседі.

ЛИ ДЖИ ЫН, ХАНГУК ШЕТ ТІЛДЕРІ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ:

Демократияланудың арқасында Қазақстанның экономикасы ілгері дамып,  инвестициялар тартылады. Оңтүстік Кореямен салыстыратын болсақ, біздің елде  президент билігі күшті болғандықтан түрлі мәселелер шыға бастады.  Менің ойымша, Қазақстан Президенті өзге елдердегі жағдайды  саралап,  конституциялық реформаны өткізетін  қолайлы уақыт таңдаған. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер