Президент Жолдауы жүктеген технологиялық модернизация өндірісті жаңғырту мен автоматтандыруды қарастырады. Бұл бағытта Атыраудағы мұнай машиналарын жасау зауыты тың жобаларды жүзеге асырып жатыр. Осының арқасында қазір зауыт ТМД емес, тек алыс шетелдерде ғана шығарылатын қондырғыларды жасауға мүмкіндік алды.  

СЕРГЕЙ КРИВОРУЧКО, ЗАУЫТ ДИРЕКТОРДЫҢ ӨНДІРІС МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:

Біз зауытқа соңғы бес жылда көптеген жаңа қондырғылар сатып алдық. Оның барлығы бүгінгі технологиялар негізінде жұмыс істейді. Жаңа техниканың артықшылығы еңбек өнімділігін 10 есеге дейін арттырып, адам күшін аз пайдалануға мүмкіндік берді.

Зауытта соңғы екі жылда жаңа жоғары технологияларға негізделген 2 цех ашылды. Соның бірінде мұнай-газ өндірісіне аса қажетті қосалқы бөлшектер шығарылады. Мұндағы қондырғылардың жұмысы толықтай автоматтандырылған.

ЖІГЕР ҚҰЛМҰРАТОВ, АВТОМАТТЫ ҚОНДЫРҒЫ ОПЕРАТОРЫ:

Жартылай фабрикатты саламыз. Оны робот алып 4 этаптан өткізіп, маркировка жасап, толық дайындап шығарады. Күніне аз дегенде 80 штук, көбі  100-120 штуктың жобасында дайындап, өңдеп шығарамыз.

Күні-түні жұмыс істейтін цехта екі-ақ адам еңбек етіп жатыр. Бұл – өндірісті автоматтандырып мен робот техникаларды қолданудың жемісі. Экономикалық жағынан аса тиімді болғандықтан облыстағы іргелі кәсіпорындардың барлығы қазір өндірісті модернизациялауға көшіп жатыр.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер