Атақты «The Sun» басылымының бетінде қазақстандық Қайыңды көлінің суреттері жарияланды. Шетелдіктерді Алматы қаласынан 130 шақырым жердегі Қайыңды көлінің түбіндегі орман таң қалдырған. Мақалада таңғажайып мекен 1911 жылғы жойқын жер сілкінісінен кейін пайда болғаны жазылған.

«Ол Тянь-Шань тауында теңіз деңгейінен 2 мың метр биіктікте орналасқан. Ұзындығы – 400 метр, тереңдігі – 30 метрге дейін жетеді. Суы мөп-мөлдір, оның қақ ортасында мыңжылдық шыршалар жайқалып тұр. Көлдің суы өте салқын болғандықтан, ағаштардың түбі шірімейді. Мұнда жаздың қақ ортасында да су температурасы 6 градустан аспайды. Жылдан жылға Қайыңды туристер арасында танымалдыққа ие болып келе жатыр. Өйткені көлдің суы мұнтаздай таза, ал оны қоршаған табиғат тіптен керемет»,-деп жазылған «The Sun» бетінде жарық көрген мақалада. 

 

Сурет: almaty-travel.kz

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер