Көрікті көктемнің алғашқы күндері Конгресс кітапханасының аспаздық клубы қазақ тағамдарына арналған шара өткізді. Кештің басты қонақтары – Мэриленд Университетінің аға оқытушысы Сара Камэрон мен IREX бағдарламасының белді қызметкері Стэнли Курье. Олар қазақ дастарқанына қойылатын ұлттық тағамдар жөнінде бұрыннан хабардар. Сондықтан меймандар еліміздегі көпұлтты мәдениеттің артықшылығын сөз ете отырып,  қазақ тағамдарының ерекшеліктерін тілге тиек етті. Қонақтар бауырсақ пісіріп және өзге де қазақққа тән тамақ түрлерін дайындап көрді.

ШЭРЛИ ЛУ, КОНГРЕСС КІТАПХАНАСЫ АСПАЗДЫҚ КЛУБЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ «Конгресс кітапханасы аспаздық клубының негізі 1949 жылы қаланды. Клуб мүшелерін тек ғана АҚШ емес, бүкіл жер-жаһанда әзірленетін тағам қызықтырады. Біреулер Қазақстанның қайда екендігін білмей жүргенде, қазақ тағамдары туралы айтып беруге келіскен екі адамның әңгімесі - біраз ақпарат берген болар еді деп ойладым».

СТЭНЛИ КУРЬЕ, «VEGETARISTAN» АСПАЗДЫҚ БЛОГЫНЫҢ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ «Қонақтардың Қазақстан туралы жан-жақтан қойған сұрақтарына әріптесім Сара Кэмерон екеуіміз жауап бердік. Әрине, әңгіме дастарқанмен шектеліп қалған жоқ. Біз қолымыздан келгенше қазақ халқының салт-дәстүрі мен қонақжайлығы туралы да әңгіме тарқаттық».

 

Сурет: Деловой Казахстан

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер