Қазақстан ғалымдары геологиялық барлау саласына инновациялық технологияларды ендіруде. Қазір Өскеменде уран өндірудің жаңа экологиялық қауіпсіз әдісі әзірленуде. Жоспарды іске асыруға өңделген тау-кен жынысы және фосфор қышқылының өндірісінен қалған гипс қажет, ал оның бір ғана Оңтүстік Қазақстан облысындағы қоры 1 миллион тоннадан асады. Ғалымдар алынған биоматериалды түйіршіктелеген сіңіруші затқа айналдырмақ. Уран өндірісінің қалдықтарын сол арқылы сүзгіден өткізгендей тазартып, нәтижесінде химия мамандары құрамында уран бар қоспа алуды көздеп отыр. Әзірге жоба зертханада тексеріліп жатыр. Алда өнеркәсіптік сынақ тағы бар.

АЙГҮЛ СӘДУАҚАСОВА, ЖОБА АВТОРЫ

- Бізге шунгитті майдалап, гидроксидіні тұндыру керек, сосын бәрін араластырамыз. Зерттеу нәтижесінде бізге қыруар қаражаттың керегі жоқ екені анықталды.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін шетелге жіберілетін аса күрделі геологиялық сынамалар енді Қарағандыдағы зертханада зерттелетін болады. Мұндай инновациялық жобаны австралиялық компания жүзеге асырады. Заманауи зертхананың құны бір жарым миллиард теңгені құрайды. Келер жылы ашылатын орталық арқылы өңірде жаңа кен орындарын көптеп ашуға мүмкіндік болады. Қазір Жезқазған, Балқаш және Сәтбаев қаласының маңында геологиялық-барлау жұмыстары жүріп жатыр. Бұған 9 миллиард теңгедей инвестиция тартылған.

ҒАЛЫМ НҰРЖАНОВ, «ҚАЗГЕОЛОГИЯ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ «Қазақстанда зертханалар көп. Бірақ оның көбінде дүниежүзілік сертификаттары жоқ. Сондықтан осындай лобараториялар ашылып жатса, кендерімізді, пробаларымызды осында атқаратын боламыз».

 

Сурет: kursiv.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер