Қазақстандық машина жасау кәсіпорындарының экспорттық әлеуеті жылдан жылға кеңейіп келеді. Қостанай облысы Лисаковск қаласындағы зауыт екі ауысымда жұмыс істеп тұр. Кәсіпорын жергілікті және шет мемлекеттерден түскен тапсырыстарды орындауда. 

Комбайн  жаткасына қажетті кейбір ұсақ бөлшектер сырттан сатып алынады. Қалған бөлігі, 500-ге жуық жабдықтары осы зауытта жасалады. Қазіргі кезде бір агрегаттың отандық үлесі  62 пайызға жеткен.

ЛЮДМИЛА НЕСТЕРЕНКО, ЗАУЫТТЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ БАСШЫСЫ ауд. Бізде металды кесіп, пішетін екі плазмалық құрылғы орнатылған. Қысып, нығыздайтын, қиып, тесетін, жонып, өңдейтін замануй станоктарымыз бар.  Бәрін өзіміз істейміз.

Бүгінде зауыттан дайын комбайндар шығады.

НИКОЛАЙ КУРИЛО, ӨНДІРІС БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ ауд. Өзіміз жетілдіріп, құрастырып, жеке шаруалардың алқабында сынақтан өткіземіз. Нақты тәжірибеде тексереміз.

Кәсіпорынның негізгі тұтынушыларының бірі - Қостанайдағы ауылшараушылық техникаларын жасайтын зауыт. Олар белорус комбайндарына Лисаков жаткаларын салады. Биыл тағы 160 агрегатқа тапсырыс беріпті.

СЕРГЕЙ ХЛЕБКО, ҚОСТАНАЙ АВТОКӨЛІК ЗАУЫТЫНЫҢ КОНСТРУКТОР-ИНЖЕНЕРІ Ауд. Өзіміздің жаткаларды  760 және 740 комбайндарына  ыңғайлап,  келтіріп алдық.  Келген техниканы  сынақтан өткен  жаткалармен қайта жабдықтаймыз.

Отандық комбайн жаткалары Қазақстанда ғана емес, Ресейде де зор сұранысқа ие. Лисаковтық өнім көрші елдің бірнеше аймағына жіберіледі. Биыл тапсырыс жылдағыдан көп. Сондықтан кәсіпорын екі ауысыммен жұмыс істеуге көшкен.

Қазақстанда теміржол машинасын жасаушылардың жетістіктері де жетерлік. Биыл бұл сектордағы өндіріс 15 есеге ұлғаяды. Бұл туралы инвестициялар және даму министрлігінің мамандары мәлімдеді. Тараптар 2020 жылға қарай жылжымалы құрамдағы жүк вагондарының тозу деңгейін 25 пайызға дейін азайтуды жоспарлап отыр.

ТИМУР НУРАШЕВ, ҚР ИДМ КОМИТЕТ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ауд.  Жүк вагондарын шығаратын 39 отандық кәсіпорын тартылады. Аталған өндірістерде 7 мыңдай адам жұмыспен қамтылған. Биыл бір мыңнан аса жүк вагонын құрастыру жоспарланған. Бұл «Қазақстан Темі жолы» компаниясының қажеттіліктерін толық өтеуге мүмкіндік береді.

Қазақстанда құрастырылған локомотивтер болса, экспорт нарығын бағындырғалы қашан. Қазақстандық локомотивтердің технологиялық артықшылығы - қуат үнемдейді әрі вагондарды тарту күші жоғары, сондай-ақ кабиналары барынша жайлы жасалған. Басқару жүйесі толығымен компьютерлік бақылауда. Қозғалтқыш қуаты 4600 аттың күшімен пара-пар. Біздің локомотивтердің техникалық сипаттамаларына, қуаттылығына, үнемділігіне қарап,  және халықаралық стандарттарға жауап беретіндігінің арқасында Тәжікстан, Латвия, Эстония, Монғолия және т.б. елдерден сұраныс жетерлік. 

Сурет: Allbiz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер