Экономиканы ғана емес, саяси жүйені де жаңғыртуды көздеген Қазақстан Президентінің Жолдауы ел экономикасын нығайтуға бағытталған. Онда стратегиялық бағдар түзілген. Ал үкімет жұмысы сол бағдармен астасуы тиіс»,-дейді Ұлыбританияның бұрынғы Сыртқы істер министрі Джек Стро.

ДЖЕК СТРО, ҰЛЫБРИТАНИЯНЫҢ БҰРЫНҒЫ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ

«Жолдауға қатысты бірнеше мәселеге тоқталғым келеді. Бұл құжат және оның орындалысы Қазақстанның жағымды имиджін қалыптастырады деп үміттенемін. Сирия бойынша Астанадағы келіссөздер, Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесіндегі Қазақстанның тұрақты емес мүшелігі, халықаралық ЕХРО-2017 көрмесінің өтуі және басқа да бастамалардың әсерінен батыс елдері Қазақстанға басқа қырынан қарай бастайтыны сөзсіз.

Қазақстан басшысының биылғы Жолдауымен қытайлық сарапшылар да танысып шыққан. Жаңғырту міндеттері бүгінгі күннің талаптарына сай, дейді олар.

ДИН СЯОСИНЬ,  ҚЫТАЙ XАЛЫҚАРАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӨКІЛІ

 «Қазақстан қашанда өзіне мақсат қоя білетін, және сол мұратына жету үшін тер төгетін ел. Бүгінде экономикалық өрлеудің үшінші кезеңіне аяқ басқанын көріп отырмыз. Бұған дейін Қазақстан мемлекет ретінде қалыптасып, экономикалық өрлеуді басты бағдар етіп алса, енді әлемдік нарықты бағындыруға, соған лайықты ауқымды жүйе қалыптастыруға талпынысын байқаймын.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев жасаған Жолдауымен танысқан украиналық бизнес өкілдері болса, Қазақстанмен іскерлік қатынастарды нығайтуға бар күшін салмақ.

НИКОЛАЙ СТЕПАНЕНКО, УКРАИНА-ҚАЗАҚСТАН ҚАТЫНАСТАРЫ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Екі мемлекет арасындағы қатынастарды нығайту үшін экономикалық клуб қалыптастырып жатырмыз. Оны украиналық бизнесмендер жүзеге асырады. Президент Жолдауының Қазақстанның келешегі үшін тарихи маңызы зор. Оны талдай келе Президент қойған нақты тапсырмаларды тіпті уақытынан бұрын жүзеге асыруға болатынына көз жеткіздім».

 

Сурет: Акорда

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер