Нұрсұлтан Назарбаевтың Ата заңымызға өзгерістер енгізу туралы Заңға қол қойғаны - еліміздің дамуын тағы бір сатыға көтеретін маңызды қадам. Өзгерген Конституция ел өміріне оң түрленулер алып келеді, дейді жергілікті сарапшылар.

САИН БОРБАСОВ, САЯСАТТАНУШЫ:

Мақсат біреу – қоғамды жаңарту, қоғамның алдында жаңа туындаған міндеттерді шешу. Ол үшін біздің қоғам үнемі демократиялық ревалюцияға түсіп отыруы керек. Саяси жүйедегі өзгерістер міндетті түрде экономикалық, әлеуметтік жүйеге, мәдени жүйеге өзінің ықпалын тигізіп отырады. Сондықтан бұл өзара тәуелділік байланыс заңдылығын еш уақытта бұзуға болмайды.

ЖАМАЛАДИН ИБРАГИМОВ, ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ:

Біз ойлаймыз, бұл өзгерістердің барлығы мемлекетіміздің болашағына, еліміздің қарқынды дамуына, болашақ біздің азаматтардың құқықтық мемлекетте өзінің азаматы ретінде еркіндіктерін толыққанды сақтау үшін жасалып отыр десек болады.

Қазақстандағы Конституциялық реформаны ел іші ғана емес, әлемнің белді ұйымдары да талқылап жатыр. Азия-Тынық мұхиты аймағын зерттеу орталығының директоры профессор Ом Гу Хоның айтуынша, қазіргі кездегі күрделі халықаралық жағдайға бейімделу үшін саяси құрылымды өзгерту – орынды шешім. Өйткені дамудың жаңа кезеңіне өту үшін өзгеріс қажет.

ОМ ГУ ХО, АЗИЯ-ТЫНЫҚ МҰХИТ АЙМАҒЫН ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

ТМД-ның көптеген елдерінде президенттік биліктің күші басым. Ал, Қазақстан осы жүйені өзгертуге ниетті. Онда елде демократияландырудың маңызды кезеңі басталады деген сөз.

«Елдің басқару жүйесіндегі өзгерістер, Қазақстанның әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігін арттырады»,-дейді ресейлік саясаттанушылар.

АЗА МИГРАНЯН, ТМД ЕЛДЕРІ ИНСТИТУТЫ ЭКОНОМИКА БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Өкілеттік беру жүйесі  Қазақстан экономикасының алдында тұрған мүмкіндікті арттырады деп ойламын. Атап айтқанда, бұл өнеркәсіп секторының қарқынды дамуы және оның құрылымы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру . Біз неғұрлым икемді, сыртқы және ішкі ортаға тез бейімделетін, экономиканы қалаймыз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер