2017 жылы Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы сақталады, дейді қаржы нарығының сарапшылары. Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің дерегінше, 2016 жылы еліміздегі кәсіпорындардың негізгі капиталына тартылған шетелдік инвестиция көлемі 1 триллион теңгеден асып түсті. Тап қазіргі таңда қазақстандық компанияларды шетелдік биржаға шығаруға дайын көптеген басқарушы компаниялар отандық нарыққа дендеп кіріп жатыр. Сарапшылардың айтуынша, биыл бірнеше компанияға қосымша қаржы көзіне жол ашылуы мүмкін. Ол – ақпараттық технологиялар, телекоммуникация, металлургия және шикізат секторы.

ЖОЗЕ ДЖУНИОР, БАСҚАРУШЫ КОМПАНИЯНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Дағдарыс салдарынан капитал нарығындағы белсенділіктің төмендегінін көріп отырмыз. Дегенмен, бағалы қағаздармен жасалатын транзакция жанданады деп ойлаймыз. Ол 25 пен 30 миллион доллар аралығында болуы мүмкін. Бұл мемлекеттің қаржы жүйесі мен капиталына оң әсер етеді. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер