Елбасы Жолдауында жүктелген жаппай жаңғырту міндеттеріне сай, биыл еліміздегі 10 кәсіпорынға осы заманғы ең озық технология енгізіледі. Пилоттық жобаға артылған үміт үлкен. Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, білікті сарапшылар зерттеп-зерделеп, лайықты кәсіпорындарды таңдайды. Цифрлы технология енгізілген компаниялар жұмысының аяқ алысы мен өндіріс барысы ойдағыдай нәтиже көрсетсе, жоба 2018 жылы да жалғасын табады.

ЖЕҢІС ҚАСЫМБЕК, ҚР ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРІ:

Бұл жобалар арқылы тағы да 10 мың тұрақты жұмыс орны ашыладыБиылғы жылдың қорытындысы бойынша біз өңдеу секторының өсімін 2,5%-ға дейін қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. 2016 жылы индустрияландыру саясатының арқасында дағдарысқа қарамастан өңдеу өнеркәсібіндегі өнім 0,7%-ға артты».

Елімізде инновациялық өндірістердің болашағы зор, дейді Өскемендегі техникалық университеттің ғалымдары. Олар импланттық материалдарды өзімізде өндірудің жолын ұсынып отыр. Ғалымдар титан мен танталдан импланттық материалды 3D принтерде дайындауға болатынын дәлелдеді. Теоряилық түрде дәлелденген жоба енді халықаралық дәрежедегі сараптамаға жіберілген.

СЕРГЕЙ ПЛОТНИКОВ, ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР:

Біз қажетті имплантты жетілдірілген инновациялық аппаратта арнайы ұнтақты тамшылату арқылы құйып шығарамыз. Яғни, тамшыларды үзбестен үлкен материал аламыз.

Ғалымдардың жобасын өндірстер де бірден қолдады. Оған қажет негізгі титан, тантал және необиді өзімізде өндіріп, өңдеу ойда бар. Өйткені барлық талапқа сай медициналық имплантты әлмеде санаулы ғана мемлекет өндіреді.

ЕВГЕНИЙ КРЫГИН, ЗАУЫТТЫҢ ТАНТАЛ ӨНДІРІСІ БОЙЫНША МЕНЕДЖЕРІ:

Титан мен танталдын имплантқа қажет материал жасау әлемде енді ғана қарқын алды деуге болады. Сондықтан бізде одан қалмауымыз керек. Адам ағзасымен биологиялық түрде біте қайнасып кететін метал құймасы қазір жоқ.

Қазақстандағы тұңғыш медициналық импланттардың өндірісіне Білім және ғылым министрлігі 2 миллиард 700 миллион теңге көлемінде грант бөлмек.

Ал Шымкентте полиуретанды ортопедиялық бұйымдар жасайтын зауыт іске қосылды. Кәсіпорын медицинаға қажетті 17 түрлі өнім шығарады. Мәселен, сынған жерді таңатын түрлі-түсті дәкеден бастап, сүйекті қозғалтпай ұстап тұратын құрсауға дейін әзірлейді. Ол гипстен 14 есе мықты әрі жеңіл, эластикалық иілгіш, сондай-ақ, құрғақ жерде тез қататын қасиеті бар. Оңтүстіккореялық технологиямен жасалып жатқан отандық өнімнің ТМД елдері аумағында баламасы жоқ. Болашақта отандық өнімді ішкі нарықпен қатар, Түркия, Өзбекстан және Қырғыз елдеріне экспорттау жоспарда тұр.

ҒАЛЫМЖАН ТАЛАСОВ, КӘСІПОРЫН БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Химиялық кішігірім зауыт осында құрылады. Кейін стекловолокно шығаратын, тоқитын бөлек цех болады. Және де мынау өзіміз қазіргі таңда басқа қалалардан алыстан алып келіп жатқан фольга Шымкентте шығады.

Осы оңтүстік өңірдегі ең көне фармацевтика зауыты халықаралық GMP стандартына сай келетін дәрі-дәрмектер шығаруға дайындалуда. Жолдау міндеттерін орындауды мақсат еткен кәсіпорын 2021 жылға дейін толығымен қайта жаңғыртылады. «Бұл Елбасы жолдауында айтылған негізгі басымдықтардың бірі – инвестициялық тартымдылық пен отандық өндірістің бәсекеге қабілеттілігін  арттыруға бағытталған қадам», - дейді зауыттағылар. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер