Елорда бүлдіршіндері «Бал бала» байқауының арқасында үлкен сахнада өнер әлеміне алғашқы қадамдарын басты. Шараға 4-6 жастағы балғындар қатысып, «ән өнері» мен «көркем сөз» номинацияларында өнерлерін көрсетті. Үлкен залда, сахнаның ортасында жалғыз өзі өнер көрсету кішкентай бүлдіршін үшін үлкен жеңіс, әрі бастау. «Бал бала» - елордада жылда дәстүрлі түрде өткізілетін «Шаттық» байқауының мектеп жасына дейінгі өнерпаздарға арналған кезеңі, дейді ұйымдастырушылар.

АЙЫМГҮЛ ЖАБАЕВА, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ :

Бұл байқауға 60-тан аса мектеп жасына дейінгі білім мекемелерінен 385 жас бүлдіршіндеріміз, дарындыларымыз белсене қатысып отыр. Бұл конкурс екі этаппен өтеді. Бүгін іріктеу кезеңі, әділқазылар мүшелері ең дарынды, жақсы айтылған балаларды таңдап алады. Одан кейін гала-концерт болады. Ең үздік бүлдіршіндер өз өнерлерін көрсетіп, көрермендерді сүйсіндіреді.

Тілі – бал, қылығы тәтті бүлдіршіндердің орындауы шың мәнінде де сүйсіндіріп, тамсандырады. Сол себепті қазылар алқасына бағалау да әлдеқайда қиынға түседі.

Таудай талабы бар балапандардың әрқайсысы сахнаның көркін келтіре алды. Ұйымдастырушылар кішкентай өнерпаздардың белсенділігіне таң қалып отыр. Маусым айында «Бал бала» қатысушылары қорытынды гала-концертте үлкен шоу-бағдарлама бермек. Оған 2 мыңнан аса жас өнерпаз қатысады деп күтілуде. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер