Қазақстан әлемдегі үздік елдер қатарында. Америкалық беделді US News & World Report порталы жасаған тізімде еліміз 71-ші орыннан табылды. Қазақстан Украина, Пәкістан, Иран, Сербия мемлекеттерінен бұрын орналасқан. Портал сарапшылары елімізді теңізге шығу мүмкіндігі жоқ болғанына қарамастан, ірі мемлекет деп атаған. «Қазақстан аумағының басым бөлігі Орталық Азияда, кішігірім аймағы Шығыс Еуропада орналасқан. Табиғи ресурстарының арқасында экономикасы ірі ел. 90-шы жылдардан бастап 2010-шы жылға дейін елдің жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімі он еседен артық өскен. Қазақстанның ауыл шаруашылық секторы жақсы дамыған. Бұл елде көптеген халықтардың өкілдері өмір сүреді»,-делінген мақалада.

Әлемнің үздік елдері тізімін жасау барысында сарапшылар әр мемлекетті 65 бап бойынша бағалаған. Барлығы 80 ел кірген тізімді Швейцария, Канада, Ұлыбритания, Германия, Жапония бастап тұр.

US News & World Report – порталы 1933 жылы негізі қаланған журналдың электрондық нұсқасы. Ұзақ жылдар бойы АҚШ-тағы алдынғы қатарлы басылым болған журнал соңғы жылдары ғаламторда экслюзивті шығарылымдарын ғана жариялайды. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер