Отандық бренд павильоны «ЕХРО»-ның туристік картасына енді. Көрме меймандары бұл жерден қазақстандық 100 брендті таба алады. Павильонға әзірге 20 тауар белгісі ұсынылып отыр. Киім-кешек, ұлттық нақыштағы әшекейлер, сандық, бесік, тіпті тағамға дейін бар. Жобаның көздегені – отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету. Кәсіпкерлердің өз өнімдерін павильонға қою үшін төлеген қаражаттары осындағы қызметкерлердің жалақыларына жұмсалады, - дейді «Халық маркасы» федерациясының президенті Римма Тәжібаева.  Айту керек, жоба Еуразиялық іскерлер одағы мен «Халық маркасы» ұйымы арасындағы меморандум аясында іске асты.

РИММА ТӘЖІБАЕВА, «ХАЛЫҚ МАРКАСЫ»  ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Ең бастысы, барлығы экспортқа шығарылатын заттар болуы керек. Өйткені құтты қадам ретінде, осы жерден оларға экспортқа жол ашамыз. Экспортқа шығатын заттардың түрі, түсі, сапасы  дұрыс болуы керекЕкінші қабатта Еуразиялық одақтың тауарлары бар. Біздің компаниялар соларға қарап, экспортық тауардың қандай болуынан үлгі алсын деп.

МАРИЯ АНАРБАЕВА, ЕУРАЗИЯЛЫҚ ІСКЕРЛЕР ОДАҒЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӨКІЛІ:

Қазақстандық өнімдердің сапасы жоғары, өзіндік ерекшелігі бар. Қазіргі таңда ұлттық нақыштағы бұйымдар сұранысқа ие. Павильонға әзірге дизайнерлік киімдер, кәдесыйлар қойылды. Әрине, бұл жер отандық брендтермен толығатын болады. Мәскеуде де қазақстандық өнімдердің павильонын аштық. Жоба сәтті жүзеге асырылуда.

Ал Наурыз мерекесі қарсаңында бұл жерде тұңғыш рет  құрамына 16 өңірдің 16 қоспасы енген наурыз-көже әзірленбек. Кейін «ЕХРО» көрмесінің келушілері де бұл сусынның дәмін татып көреді.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер