Қазақстан Президентінің дербес парақшасына Елбасының сөйлеген сөздерін қамтитын «Темірқазық» атты кітап жүктелді. Бұл туралы Ақорданың фейсбуктегі парақшасында жарияланды.

«Қалың оқырманға арналған кітапта Қазақстан Президентінің әр жылдардағы түрлі тарихи оқиғаға орайластырылған, «Тәуелсіздік тұғыры», «Тарихи тамырлар», «Алаш арыстары» және «Мәңгілік мұрат» тәрізді шартты атаумен жүйеленген сөздері жүйеленіп, реттеліп топтастырылып берілген», - деп жазылған хабарламада.

Қазақ тілінде жарық көрген кітаптың толық нұсқасын мына сілтеме арқылы оқуларыңызға болады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер