Қазақстан Азия мен Еуропаны байланыстыратын орталық экономикалық хабқа айналуы мүмкін. Бұл – Біріккен Ұлттар ұйымы Еуропа экономикалық комиссиясының атқарушы хатшысы Кристиан Фриис Бахтың пікірі. Атқарушы хатшы бұл ойын БҰҰ-ның Кеңесі мен Қарусыздандыру мәселесіне арналған конференция барысында айтты. Конференция шеңберінде Қайрат Әбдірахманов бірқатар кездесулер өткізіп, халықаралық сарапшыларға Қазақстанның үшінші жаңғыру бағдарламасы мен Конституциялық реформа туралы әңгімелеп берді.

ҚАЙРАТ ӘБДІРАХМАНОВ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ: 

Біз халықаралық сарапшыларға Елбасы Жолдауының басым бағыттарын таныстырдық. БҰҰ ұйымдастырған іс-шара қатысушыларының назарына билік тармақтарының өкілеттігін қайта бөлу мен «Үшінші жаңғыртуда» айтылған негізгі ойлар ұсынылды.

КРИСТИАН ФРИИС БАХ, БҰҰ ЕЭК АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Көптеген салаларда, әсіресе энергетика бойынша Қазақстан үлкен жетістіктерге жетті. Мемлекет тасымал және сауда-саттықты жандандырып Шығыс пен Батысты жалғайтын көпірге айналды. Біз Қазақ елімен байланысты одан әрі нығайтуға мүдделіміз. Қазақстан Азия мен Еуропаны байланыстыратын орталық экономикалық хабқа айналуы әбден мүмкін. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер