2017 жылдың 17-18 наурызында «Астана Балет» театрында әйгілі хореограф Георгий Ковтунның «Вальпургиев түні» балетінің премьерасы өтеді. Танымал хореограф Мариин және Михайлов театры, А.Ваганова атындағы Орыс балетінің академиясы сынды Ресей мен Украинаның көптеген театрларында шамамен 300 балет пен хореографиялық нөмір қойған. Көрермен қауым музыка тілі, сценография ауқымдылығы мен әсерлі пластикасымен тамсандырған хореографиялық қойылымға қанық болады.

Екінші бөлімде көрермен қауым хореограф Рикардо Амарантенің “Diversity” балетін тамашалай алады. Бұл шығарма - балет әлеміне саяхат құрып, балеттің пайда болуы мен осы шағына дейінгі жылнамасына көз жүгіртуге мүмкіндік береді. Уақыт өте музыка мен костюмдер, пластика мен қозғалыс өзгергенімен, шабыт пен сұлулық өзгеріссіз қалды.

Осы күні «Астана Балет» театрының репертуарында 10 балет пен 2 концерттік бағдарлама бар. Желтоқсан айында ашылған жаңа театр Қазақстан астанасының архитектуралық келбетін аша түсті. Архитектурасы ерекше ғимарат – театрға келушілердің қызығушылығын оятады. Қоюшы режиссерлер осы сахнада өздерінің батыл идеяларын жүзеге асыра алады. Соңғы үлгідегі жабдықтармен қамтамасыз етілген театр кез-келген ұжымды қабылдай алатын әрі әртістердің шығармашылық еңбегіне барынша қолайлы етіп жасалған.

Биыл «Астана Балет» театры көрермен қауымға әйгілі хореографтар Д.Баланчин, У.Форсайт пен Б.Эйфманның қойылымдарын тарту етеді. Көрермен қауым «Астана Балет» театрының жаңа сахнасында ұмытылмас балет кештерін тамашалайтын болады. Мекен-жайымыз: Ұлы Дала даңғылы, 9.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер