Астанада Сириядағы ахуалды реттеу бойынша келіссөздердің кезекті раунды өтеді. Қазақстан елордасындағы кездесу наурыздың 14-і – 15-іне жоспарланып отыр. Бұл туралы Женевада Сирия тағдыры талқыланған жиынның қорытындысы бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Сирия мәселелері жөніндегі арнайы өкілі Стаффан де Мистура мәлім етті. Таяу Шығыс еліндегі қақтығысты реттеуге мүдделі тараптар елордада бұған дейін де бас қосып, ол келіссөз Астана процесі ретінде тарихта қалғаны белгілі.

СТАФФАН ДЕ МИСТУРА, БҰҰ-НЫҢ СИРИЯ БОЙЫНША АРНАЙЫ ӨКІЛІ:

Астана мен Женевадағы келіссөздер бір-бірін толықтырып, кездесудің натижелі болуына септігін тигізеді. Сирияда оқ атпау режимін енгізіу мен терроризмге қарсы күресте Астананың атқарған істерін бәріміз көрдік. Қақтығыстың тоқтауы жергілікті тұрғындарға гуманитарлық көмек жеткізуге жол ашады. Кездесуде Сирия үкіметі оппозицияға тұтқындарын алмастыру туралы ұсыныс жасады. Осыған қатысты барлық жұмыс Астанада талқыланатын болады».

Сирия жанжалын реттеуде қазақ көшбасшысының үлесі зор болды. Ресей президенті Владимир Путин осындай пікір айтқан. Ол Нұрсұлтан Назарбаевқа Сирия жөніңдегі келіссөздерді Астанада ұйымдастырғаны үшін алғыс білдірді.

ВЛАДИМИР ПУТИН, РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Мен сіздің Астана процесіне қосқан ерен еңбегіңізді өте жоғары баға лаймын. Сіз шарапаты мол шараны ұйымдастыруда, делегаттармен кездесуде тынымсыз тер төктіңіз. Сол себепті де біз бұрын соңды болмаған бірегей нәтижеге қол жеткіздік. Ол таза сіздің еңбегіңіз. Бұл бастамалардың барлығы Женевадағы келіссөздердің іргетасына айналды.

Женевадағы келіссөзден кейін Біріккен Ұлттар Ұйымының Сирия мәселелері жөніндегі арнайы өкілі Стаффан де Мистура тараптар өзекті мәселелерді талқылағанын айтты. Соның ішінде, Сирияда инклюзивті уақытша үкімет құру және жаңа конституция жасап сол бойынша сайлау өткізу, лаңкестікпен күрес жайы бар. Бұл дегеніңіз Астанада оқ атпау туралы келісімге қол жеткізгеннен кейін терроризммен күресу үшін күш біріктіру жайын талқылауға мүмкіндік болады деген сөз. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер