Қазақстан алғаш рет Вьетнамға астық экспорттады. Қытайдың теңіз жолы арқылы 720 тонна бидай Хошимин портына жеткізілді. Агроөнім Шығыс Қытайдың Ляньюньган порты нынан ақпанның 5-і күні шыққан болатын. Осылайша, Қазақстан үшін Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің үлкен нарығына теңіз жолы ашылды. Бұл – Қазақстан темір жолы мен Ляньюньгандағы қазақ-қытай логистикалық компаниясының бірлескен жобасы.

СЮЕ СЯНЬ ВЭНЬ, САТЫП АЛУШЫ КОМПАНИЯНЫҢ ӨКІЛІ:

Қазақстан астығын көп мемлекеттерге экспорттағанымен, Вьетнам нарығы үшін әлі беймәлім. Біз осы бидай сапасын зертханамызда тексеріп көреміз, егер шынымен жоғары болса, тағы сатып алу ойымызда бар. Қазақстан ұсынып отырған баға Австралиядан сәл жоғары, ал АҚШ бидайынан арзанырақ шығып тұр. Бұл Вьетнам нарығында жаңа бәсекелес ел пайда болды деген сөз.»

«Осылайша Ляньюньган теңіз порты арқылы Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне жүк тасымалдау мүмкіндігі туды. Жалпы, қытайлық сарапшылар бұл Қазақстан басшысының «Нұрлы жол» жаңа экономикалық бағдарламасы мен Қытайдың «Бір белдеу-бір жол» стратегиясын ұштастырудағы маңызды қадам деп санайды.

ЛЮ БИН, ЛЯНЬЮНЬГАН ҚАЗАҚ-ҚЫТАЙ ЛОГИСТИКАЛЫҚ КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Міне, сіздер Қазақстан астығының біздің Ляньюньган қытай-қазақ бірлескен терминалы арқылы Ветнамға тасымалдана бастаған тариxи сәтіне куә болып отырсыздар. Келешекте осы дәліз арқылы Қазақстаннан бері қарай және кері бағытта жүк тасымалдау мүмкіндігі жоғары.  Қытай Қазақстан арқылы көлік дәлізін дамытуға қолдау көрсетуге дайын.

Қазір тұрмыстық техника, жоғарғы технология тауарларын өндіретін әлемдік компаниялар Вьетнамға инвестиция құйып жатыр. Алдағы уақытта осы бағыт арқылы Орталық Азияға Оңтүсік-шығыс Азия елдерінен электроника, тұрмыстық техника, киім-кешек, тропикалық жеміс-жидектерді кері тасымалдауға болады. Қазақстан Қытай арқылы аталған дәлізбен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер мен еуропаға тауар жеткізе алады. Кері бағытта да жүк тасымалдауға мүдделіміз.

БЕКЕТЖАН ЖҰМАХАНОВ, ВЬЕТНАМДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ЕЛШІСІ:

Біз тек Қазақстан тауарларын ғана емес, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден де жүктерді осы дәліз арқылы жеткізе аламыз. Қазақстан арқылы Ляньюньған портынан тікелей Сайгонға апаратын жол ашылды. Сондықтан оның келеші зор».

Жалпы, Еуразиялық экономикалық аймақ пен Вьетнам арасындағы еркін сауда айналымы жөніндегі келісімге сәйкес 2020 жылға дейін сыртқы тауар айналымын 4 миллиардтан 10 миллиард долларға жеткізу көзделген. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер