Ағылшын орфографиясын бес саусағындай білетін студенттер арасында үздіктер анықталды. Қазақстанда тұңғыш рет Spelling bee (Спелинг би) байқауы ұйымдастырылды. Ереже мынадай: сахнада ағылшын тілінде сөз айтылады. Қатысушы 2 минут ішінде сол сөздің әрбір әрпін еш қатесіз қайталауы тиіс. Қобалжып, бар болғаны бір қателікке бой алдырған үміткерде  сайысты жалғастыру мүмкіндігі жоқ. Сондықтан елдің әр өңірінен келген 32 қатысушы барынша жинақы. Айту керек, бұл байқау АҚШ-та 1 ғасырға жуық уақыт бойы ұйымдастырылуда. Әлемнің өзге елдерінде де өткізіледі. Қазақстандағы байқаудың  бір ерекшелігі оқушылар емес, колледж және жоғары оқу орындары студенттерінің қатысуында. 

ЕРСҰЛТАН МЫҚТЫБЕКОВ, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ:

Негізі бұл байқау өте қиын. Өйткені ағылшын тілінде кейбір сөздер дыбысы жағынан басқа, жазылуы жағынан басқа. Айтушының 2 сұрақ қоюына болады. Мәселен, сөздің мағынасы қандай? Қай тілден келген?

ДЖОРДЖ КРОЛ, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АҚШ ЕЛШІСІ:

Ағылшын тілі – әлемдік қарым-қатынас, сауда, бизнес тілі. Сондықтан біз тілді меңгерген қазақстандықтардың саны барынша артса дейміз.  Байқау үлкен қызығушылыққа ие болды. Сайыс 11 аймақта өткізілді.  Әр аймақтан 3 қатысушы  осы республикалық кезеңге жолдама алды.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер