Қазақстанның ширек ғасырда жүріп өткен жолы - шежірелі тарихқа айналды. Сол айтулы күндерге шолу жасап, еске түсіретін аса ұтымды тәсілдің  бірі фотосурет екені даусыз. Астанада танымал «National Geographic» журналының қатысуымен егеменді мемлекеттің қалыптасуынан сыр шертер көрме ұйымдастырылды. Тәуелсіздік жылнамасымен танысуға келген қауым жергілікті және шетелдік фототілшілердің қырағы көзіне түскен бірегей кадрларды тамашалай алады. Ұйымдастырушылар экспозицияда ұсынылған таңдамалы 80 еңбек арқылы Қазақстан тарихында алтын әріптермен жазылған ерекше сәттер мен құнды деректерді жұртшылық назарына жеткізуді мақсат етіпті.

НҰРГҮЛ ОЛЖАБАЕВА, «ТӘУЕЛСІЗДІҢ САРАЙЫНЫҢ» КӨРМЕ ЗАЛЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Қазақстанның және шетелдің танымал фотосуретшілерінің еңбектері қойылған. Олардың бұндағы мақсаты табиғатты аялауды және көркем , әсем жерлерді көрсетуді көздеген. Қазақстанның бүкіл саяси, мәдени, спорттық жетістіктерін бейнелеп, соларды көрсетуге тырысқан. Бұл жерде Қазақстанның барлық жеңістерін тамашалауға болады.

Сулу табиғаты мен әсем сәулеті жарасқан Қазақстанның көрікті кейпі әр жанды баурап алары сөзсіз. Бұған талай сырт көз куә. Жақында әлеуметтік желілерде «Lost in Kazakhstan» (Лост ин Казахстан) бейне ролигі пайда болды. Оны танымал италиялық блогер Сара Ицци және оператор Тимур Тугалев елімізге жасаған сапарында түсіріпті. Қазақстанның шетсіз тау жоталары, өзен-көлдері, ну ормандары мен кең байтақ даласы саяхатшынының шабытын оятқан. Сондай-ақ, бейнероликте Сара Ициді тамсандырған дәулетті Астана мен Алматы шаһарларының бүгінгі келбеті, керемет құрылыс нысандары мен тыныс-тіршілігі көрініс тапқан. Екі аптаның ішінде бейнероликті 80 мың адам тамашалапты. Бұған қоса, Қазақстан туралы танымал бейнежазба америкалық «Outside» журналының және Испанияның «El Pais» ірі газетінің сайттарында жарияланыпты. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер